30 маусым күні альма-матер қабырғасында Азаматтық авиация академиясының түлектері қауымдастығының бірінші отырысы өтті. 

Кездесу аясында жалпыға бірдей дауыс беру арқылы қауымдастық төрағасы сайланды.  Лауазымға 2007 жылғы Азаматтық авиация академиясының түлегі Марат Хасенов тағайындалды.  Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы қаласының халықаралық әуежайы" АҚ тексеру қызметінен бастаған.
2007 жылдан 2009 жылға дейін "Эйр Астана" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2009 жылы Көлік және коммуникация министрлігінің әуежайлар басқармасының бас сарапшысы болды. 2015 жылы "Петропавл халықаралық әуежайы" АҚ директоры болып тағайындалды.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Turkistan International airport ЖШС директоры болды. 2021-2022 жылдары - "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы"АҚ инфрақұрылым департаментінің директоры. 
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының әуе айлағын басқарады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы