АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ ҚЫТАЙ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Азаматтық авиация Академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің саясаты бағытында жұмыс атқаруда. Академия Қытай азаматтық авиация университетімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Шарттың мәні ғылыми-зерттеу, консультациялық және өзге де бағдарламаларды іске асыру кезінде жоғары оқу орындары арасында әріптестік қатынастар орнату және тиімді өзара серіктестікті дамыту болып табылады. Ғылыми-зерттеу және білім беру зертханасын құру, мамандарды даярлау, авиациялық жүйелерді жобалау, бірлесіп зерттеу бойынша сұрақтар қарастырылған. 

Сондай-ақ азаматтық авиация кәсіпорындары үшін технологиялық процестердің цифрлық нұсқаларды әзірлеудің ғылыми-зерттеу және білім беру зертханасын құру талқыланды.

Қытай азаматтық авиация университетіне сапардан басқа Академия ректоры Б.К. Сейдахметов, ғылыми қызмет және цифрландыру жөніндегі Проректоры Қ.Т. Кошеков Пекин және Тяньцзинь қаларындағы серіктестермен кездеседі. 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы