BAA оқу академиясының литвалық серіктестері Азаматтық авиация академиясына іс сапарымен келді.

Avia Solutions Group холдингінің басшылар кеңесінің мүшесі Вигаудас Усацкас бастаған делегация Академия басшылығымен кездесті. Тараптар 2021 жылы қол қойылған Меморандумды жүзеге асыру динамикасын және одан әрі ынтымақтастықты талқылады.
Сондай-ақ, Академия өкілдері болашақ ұшқыштармен – 1-ші және 2-ші курс студенттерімен BAA Оқу авиациялық академиясында іріктеу және оқыту шарттары туралы кездесу өткізді.

Avia Solutions Group холдингі Литва мен Қазақстан Республикасының үкіметаралық комиссиясының хаттамасы аясында EASA және EFCL стандарттары бойынша ұшқыштарды даярлау жобасын жүзеге асыруда Азаматтық авиация академиясының серіктесі болып табылады.

Қазіргі уақытта Академияның 5 студенті Испаниядағы BAA оқу авиация академиясының ұшу базасында қыркүйек айында практикалық бөлімді бастау үшін Вильнюсте оқудың теориялық бөлігін аяқтауда. 

Биылғы жылы Академияның тағы 5 студенті іріктеуден өтіп, қыркүйек айында Вильнюсте оқуын бастайды.

BAA Training Aviation Academy-мен ынтымақтастық тек студенттерді орталықта оқытумен ғана шектелмейді. Жоба аясында академия Қазақстанда халықаралық әдістерді енгізе отырып, тәжірибені қабылдап, кәсіби оқыту үдерісіне еуропалық тәсілдерді енгізеді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы