Ағылшын тілін үйрену үшін басқаларды қалай ынталандыру керек

2023 жылдың 19 сәуірінде «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры Баданбекқызы Зәуре және «Авиациялық қауіпсіздік ұйымы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Ағылшын тілін үйрену үшін басқаларды қалай ынталандыру керек» жобалық жұмыс бойынша шеберлік сабағын өткізді.
      Бұл іс-шараға Академия ректоры Сейдахметов Б.К., авиациялық-техникалық орталығының директоры Кинеев А.М., «Әуе тасымалы мен логистиканы ұйымдастыру» кафедраларының меңгерушісі Асилбекова И.Ж., «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Анаятова Р.К., кафедра меңгерушісі Анаятова Р.К. әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Молдыбаева А.А. және кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
        Іс-шара  кезінде студенттер де, келген қонақтар да кәсіби ортада импровизацияланған қойылымның барлық кезеңдеріне тартылып, берілген сөз тіркестерін аударып, қызықты тапсырмалар орындады.
        
         Зәуре Баданбекқызы мен студенттер әуежайдағы  әрбір істің реквизиттері мен іс-әрекеттердің хронологиясын егжей-тегжейлі ой елегінен өткізген. Мысалы, әуежайдағы тексеріс кезінде болатын әртүрлі жағдайлар көрінісінде тілдік емес пәндердің оқытушылары қатысты. Содан кейін  тасымалдауға тыйым салынған жүктер мен жүк таңбаларын анықтауға арналған ойындар ұйымдастырылды.
      Тасымалдау ережелерін бұзу және  әуежайдағы жолаушылардың жөнсіз мінез-құлқы мысалдары бойынша да көріністер қойылды.
      Осы шеберлік сабаққа белсенді қатысқан барлық қонақтар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы