2022 жылдың желтоқсан айының 9- ы күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушылары (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньер–лектор Н. Суранчиева) «Qazaq tili» Халықаралық академиясы және «Мемлекеттік тілді дамыту» институтының ұйымдастырылуымен тілтанушы ғалым Бижомарт Сейсенбекұлы ҚАПАЛБЕКТІҢ 60 жасқа толуына орай өткізілген «Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, ой бөлісіп қайтты. Конференция барысында қазақ тіл біліміндегі жұмсалымдық бағыт, тіл саясаты және қазақ тілінің қоғамдағы өрісі, қазақ тілін оқытудың жүйесі мен деңгейлері сияқты мәселелер талқыланды. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, қазақ тілтанушылары, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Конференция жоғары дәрежеде өтілді.