2022 жылдың қараша айының 7-8 -і күндері «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тулекова Гүлназ Қажымұратқызы ҚР Ғж ЖБМ ҒК-ның «Жас ғалым» бағдарламасының гранттық қаржыландыруы бойынша Азаматтық Авиация Академиясының базасында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласына мемлекеттік тілді енгізудің тиімділіктерін жоғарлату әдістемесін талдау және лингвистикалық мәселелерді зерттеу» атты ғылыми жобаның жоспары негізінде Астана қаласына, Азаматтық Авиация Комитетіне іс-сапармен барып, аталған ғылыми жоба тақырыбы бойынша, әрі жобаның ғылыми кеңесшісі ретінде авиация саласының мамандарымен ой бөлісіп, кеңес алып қайтты. Атап айтқанда, ҚР ИжИДМ Азаматтық Авиация Комитетінің «Ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс істеу және ғылым басқармасы» бөлімінің басқарма басшысы Нұржан Әсем Нұржанқызы мен бас сарапшы Досанова Жанна Серікқызы, «Халықаралық әуе қозғалысын реттеу» басқармасының жетекшісі Тлегенов Тимур Қалдыбайұлы, «Халықаралық қатынастар мен авиациялық тасымалдар» басқармасының бас сарапшысы – аға мемлекеттік авиациялық инспектор Көбенов Әділет Майбасарұлы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласына мемлекеттік тілді енгізудің тиімділіктерін жоғарлату әдістемесін талдау бойынша өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.