Қырқүйектің 16 шы жұлдызы авиация колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Нұржаупова Кулимхан Балабекқызы "Басты байлықты ұтымды басқаруды үйрену керек" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды , оның мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау болды. Дөңгелек үстел жұмысына 1 курс студенттері қатысты. Балалар ҚР Президентінің Жолдауында айтылған елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі жаңашыл идеялар туралы айтты. Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға жинақтау пакетін құру, жоғары білім алу үшін жеңілдікті несиелер енгізу, табиғи байлықтарға деген көзқарасты қайта ойластыру қажеттігі және тағы басқа мәселелер талқыланды . Қатысушылар ҚР Президентінің жастарды жан-жақты қолдау мәселелеріне үндеуін қолдады. Барлық Жолдау адамдарға, олардың денсаулығы мен терең біліміне деген қамқорлыққа толы.