8.09.2022ж. күні Авиация колледжінің студенттері арасында «Ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама» атты дөңгелек үстел өтті. Іс- шара барысында студенттер Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың халыққа ұсынған Жолдауындағы «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламасының маңыздылығын сөз етті. Мемлекет басшысының бұл бастамасы- әділетті қоғамның орнауы ұлт байлығын тең бөлу мен баршаға бірдей мүмкіндік беруден басталады деген ойымен үйлесетіні бәрімізді қуантады.