2022 жылдың қыркүйек айының 29 -ы күні сағат 10.00-де «Қазақстан
Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында «Авиациялық
ағылшын тіл» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушыларының
ұйымдастыруымен (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, оқытушы-
зерттеуші А. Елубай, сеньер – лектор Н. Суранчиева) «Мемлекеттік тіл: -
бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел
барысында студенттер мемлекеттік тілге байланысты пікірлерін ортаға
салып, ой бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қазақ тілі туралы баяндамалар
жасап, презентациялар көрсетті. «Мемлекеттік тіл: -бүгіні мен болашағы»
атты дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтілді.