Медициналық қызмет көрсету

 

   Медициналық пункттің негізгі мақсаты академияның оқу бөлімі ұсынған оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу кезеңінде студенттерге, қызметкерлерге сапалы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.
   Almaty Clinic-пен Академия студенттері мен қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуге шарт жасалды. Медициналық пункттегі терапевттің жұмыс кестесі сағат 10.00-17.00.
Медициналық пункттің міндеттері мен функциялары.
   Медициналық пункттің негізгі міндеті – студенттер мен қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету, сонымен қатар профилактикалық іс-шараларды жүргізу.
Мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес медициналық орталық:
• уланулар кезіндегі алғашқы көмек, жарақаттар, жіті аурулар кезінде шұғыл көмек көрсету;
• профилактикалық және сауықтыру шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
• медициналық құжаттарды есепке алуды және есептілікті жүргізеді;
• санитарлық-гигиеналық білім мен салауатты өмір салтын насихаттайды.

Мекен-жайы: Медициналық пункт Академия аумағында, Ахметов көшесі, 44 мекенжайы бойынша «Студенттер үйінің» 1 қабатында орналасқан.

Лакова Бахыт Уралхановна

Жоғары санаттағы медбике
Риддер медициналық колледжін «медбике ісі» мамандығы бойынша,«Алматы университеті» биология мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілі 33 жыл.

+7 708 321 1454
b.lakova@agakaz.kz


© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы