Кітапхана бөлімі мен Авиация колледжі ұйымдастыруымен студенттерге арналған психологиялық семинар-тренинг өтті.📖📊
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың ішкі мотивациясын арттыру, эмоционалдық көңіл-күйін тұрақтандыру және өз-өзіне деген сенімділігін нығайту болды. Семинар барысында студенттер түрлі психологиялық жаттығулар мен тренинг ойындарына қатысып, өз ойларын еркін жеткізуге, топпен жұмыс жасауға және бір-бірін қолдауға бағытталған тапсырмаларды орындады.
📌Тренинг барысында қатысушылар өз мүмкіндіктерін тереңірек танып, болашақ мамандықтарына деген жауапкершілік сезімін арттыруға мүмкіндік алды.