Құрметті оқырмандар !
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін, адамзат баласын ізгілікке, бірлік пен татулыққа үндейтін ерекше мереке. Бұл күн – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани мұрамызды жаңғыртатын маңызды кезең.
Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы ретінде, ұлт мәдениетін, тарихы мен әдебиетін насихаттауда ерекше орын алады. Осы орайда, Наурыз мерекесі баршаңызды жаңа ізденістерге, білім көкжиегін кеңейтуге және рухани дамуға шабыттандырсын.
Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Ізгі ниетпен,
Кітапхана ұжымы