«Азаматтық авиация академиясына 30 жыл» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Азаматтық авиация академиясының 30 жылдығы – Қазақстанның бүкіл авиация саласы үшін маңызды оқиға. Отыз жыл ішінде Академия 1995 жылы құрылған шағын оқу орнынан еліміздің азаматтық авиациясының жетекші білім беру және ғылыми орталығына айналып, кәсіби стандарттарды айқындап, саланың даму бағдарына ықпал етіп келеді.Кітапта Академияның қалыптасу тарихы, негізгі жетістіктері, профессор-оқытушылардың еңбегі және түлектердің кәсіби табыстары баяндалған. Сондай-ақ тақырыптық көрмелер мен фотогалерея арқылы Академияның даму кезеңдерін кеңінен көруге мүмкіндік берілді. 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы