SAE электронды базасына тестілік қолжетімділік ашылды

Құрметті оқырмандар! 
Академия  кітапханасы SAE International компаниясының SAE электронды базасына тестілік қол жетімділігінің басталғанын қуана хабарлайды!
Тестке қол жетімділік мерзімі: 2024 жылдың 1-31 қазан аралығында.
Журналдар SAE mobilus платформасында қолжетімді: https://saemobilus.sae.org/


SAE International-адамзат игілігі үшін ұтқырлық туралы білім мен шешімдерді насихаттайтын автомобиль инженерлерінің жаһандық кәсіби қауымдастығы. 100000-нан астам инженерлер мен техникалық сарапшыларды біріктіре отырып, SAE International техникалық стандарттарды, журналдарды, кітаптарды және публицистикалық материалдарды шығарады.
SAE mobilus платформасы-бұл 200 000-нан астам қолданыстағы және тарихи стандарттарды, техникалық құжаттарды, электронды кітаптар мен журналдарды қамтитын толыққанды онлайн кітапхана, олардың материалдары әуе, аэроғарыш және жер үсті көліктерін зерттеу, әзірлеу, өндіру, техникалық қызмет көрсету және басқаруда қолданылады.
 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы