Студенттер үйі

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

Студенттер үйі Алматы қаласы, Қалмаржын көшесі, 55 мекенжайында орналасқан. Жатақханада барлық қажетті жағдайлар жасалған: тұрмыстық бөлмелер, тоңазытқыштар, электр плиталары, кір жуғыш машиналар және душ кабиналары бар.

 

Біз туралы

Біздің басты міндетіміз – студенттердің шығармашылық және кәсіби қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау, тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету, сондай-ақ жастарды жатақхананың қоғамдық өміріне тарту.
Студенттер үйі студенттерге тұруға арналған орын мен олардың белсенді болып, өз әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беретін орта ұсынады.

First slide
 

482 орын

First slide
 

Күзет

First slide
 

Бейнебақылау

First slide
 

Душ кабиналары

First slide
 

Кір жуатын орындар

First slide
 

Тегін Wi-Fi

482 орынға есептелген, жайлы тұру жағдайлары қарастырылған. Жатақханада екі және үш орындық бөлмелер бар, тәулік бойы күзет қызметі мен ғимараттың периметрі және дәліздері бойынша бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар, заманауи кір жуғыш машиналармен жабдықталған душ және кір жуу кабиналары, тегін Wi-Fi және басқа да көптеген мүмкіндіктер бар.
Студенттер үйінде кезекші білікті дәрігер қызмет атқарады, ол тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге және денсаулық мәселелері бойынша кеңес беруге әрдайым дайын. Ғимараттарда жедел аурулар кезінде студенттерді уақытша оқшаулауға арналған арнайы оқшаулау бөлмелері де бар.

 

СҮ-не орналасу кезінде студенттер мыналарды ұсынуы керек:

1) ЖӘҚ және ДО басшысының атына өтініш;

2) ЖӘҚ және ДО менеджері жазып берген ордер;

3) СҮ-де орынды жалға алу шарты;

4) Академияның медициналық пунктінің медициналық тексеруден және флюорографиядан өткені туралы белгісі.

2025–2026 оқу жылында Студенттер үйінде:

482 студент – тұрып жатыр

• Студенттер үйінің ережелері

• Нұсқаулық жатақхана

• 3 пункт договор

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы