2024 жылғы Азаматтық авиация академиясының қабылдау науқанының аралық қорытындыларына сәйкес, қазақстандық мектеп оқушыларының авиацияға деген жоғары қызығушылығы байқалды.
Биылғы жылы білім беру гранттарын, оның ішінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын иелену байқауына 3000-ға жуық адам қатысып, өткен жылмен салыстырғанда 200 адамға көбейген. Салыстыру үшін, 2023 жылы Академия 752 талапкерді қабылдаған, олардың 498-і грантқа ие болған. Қазіргі кезде грант иеленуге бәсекелестік арта түсті. 2976 өтініш берушінің ішінен бакалавриат грантына 647 адам өтті.
Қазақстандық түлектер ұшу мамандықтарына ерекше қызығушылық танытуда, бұл бағытта 1377 өтініш қабылданды. Бір орынға бәсекелестік 7,5 талапкерді құрады. Жоғары сұранысты ескере отырып, Академия болашақта ұшқыш мамандығына түсу талаптарын арттыруды жоспарлап отыр. Басты критерийлердің бірі ағылшын тілін меңгеру деңгейі болады, оны IELTS сертификатымен растау қажет.
Академия талаптарды тек көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, авиация саласымен үздіксіз байланыста бола отырып, білім беру сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыс жасауда. Нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып, Академия оқу үдерісіне авиациялық кәсіпорындардың талаптарын енгізеді. Мысалы, биыл жаңа білім беру бағдарламасы — «Ұшақсыз ұшу аппараттары және жүйелері» ашылды.
Қыркүйек айынан бастап қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйелердің (ҚБАС) сыртқы ұшқыштарын кеңейтілген құзыреттерімен даярлау басталады. Бағдарлама түлектері «High Rating» 3-санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (ҰАЖ) сертификатталған операторы мәртебесін алады, бұл оларға халықаралық рейстерді орындауға, жүк тасымалдауға, тіпті авариялық-құтқару операциялары мен ғылыми зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді.
Мектеп оқушылары арасында авиациялық инженерияға деген қызығушылық та артуда, бұл еңбек нарығындағы техникалық кадрларға деген сұраныспен түсіндіріледі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі техникалық мамандықтардың дамуын қолдап, рекордтық гранттар санын – 386, оның ішінде 31 грантты колледж түлектері үшін бөлді.
Қабылданған талапкерлердің сапасы да тұрақты түрде артуда. Өткен жылы ұшу мамандықтары бойынша ҰБТ-ның орташа балы 99 болса, биыл ол 104 балға жетті. Инженерлік мамандықтар бойынша ҰБТ-ның орташа балы 80-нен 82 балға өсті.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында да оң динамика байқалады. Биыл магистратураның 30 гранттық орнына 316 адам үміткер, ал докторантурада ғылыми зерттеулерін жалғастыруға 25 адам ниет білдірді, бұл жастардың авиациялық ғылымға деген қызығушылығының артуын көрсетеді.
Қабылдау науқанының нәтижелері талапкерлер арасындағы бәсекелестіктің артып келе жатқанын, олардың білім деңгейі мен дайындығының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Академия пилоттар мен инженерлерді әлемдік стандарттар бойынша даярлауды сертификаттауға дайындалып жатыр, ол 2025 жылға жоспарланған. Бұл студенттерге халықаралық аренада кәсіби тұрғыда іске асу мүмкіндігін ашып, Академия тек оқу орны ғана емес, авиациялық кадрларды даярлау нарығында негізгі ойыншыға айналады, олар тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің көгін бағындырады.