ХАБАРЛАНДЫРУ
1. Ұйымдастырушының атауы:
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі – Академия, конкурсты ұйымдастырушы) Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44 үй, оқу корпусы, № 1 қабат (фойе) мекенжайында орналасқан 6 шаршы метр алаңға (бұдан әрі – Алаң) жалға алушыны айқындауға конкурс жариялайды.
2. Конкурс өткізудің шарттары мен тәртібі:
Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі Академия Басқармасының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен (№12 хаттама) бекітілген «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамының мүлкін жалға беру тәртібі туралы Ережемен регламенттелген.
Конкурсқа қатысуға өтінім нысаны қоғамның сайтында орналастырылған.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Алаңға Жалға алушыны анықтау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) құқықтық қабілеті бар;
2) техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
3) конкурс өткізу сәтінде төлемге қабілетті болып табылады, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмайды және таратылуға жатпайды;
4) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрмайды.
4. Жалға берілетін Алаңның қысқаша сипаттамасы:
№ |
Атауы |
Жалпы алаң, шаршы м. |
Орналасқан жері |
Бір айға 1 шаршы метр Алаңның жалдық құны, МРП |
1 |
Алаң |
6 |
Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44 үй, оқу корпусы, этаж № 1 (Фойе) |
15 |
5. Алаңды жалға берудің негізгі мақсаты.
Алаңды Академияның мүддесі үшін тиімді пайдалану, сондай-ақ бекітілген смета мен тақырыптық дизайн бойынша фойеде қосымша алаңдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жалға алушы өз есебінен жүргізген жөндеу жұмыстарының шарттары Академия мен Жалға алушы арасында жасалатын жеке шартпен (қосымша келісім) келісіледі.
6. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны (қатысушылар ұсынған конверттерді ашу):
2025 жылғы 3 сәуір күні, сағат 12.00. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44, Академия ғимараты, мәжіліс залында.
7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны:
Өтінімдер 2025 жылғы 27 наурыздан бастап 2025 жылғы 2 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпат көшесі, 44 үй, Академия ғимараты, № ADM 07 кабинеті мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30 минутқа дейін қабылданады.
8. Алаңды жалға алу мерзімі:
Алаңды жалға алу мерзімі - 36 (отыз алты) ай.
9. Конкурқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Әлеуетті Жалға алушының өтініміне мынадай құжаттар (ақпарат) қоса беріледі:
1) бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылып, Банктің (банктердің) мөрі басылған конкурсқа қатысушының мерзімі өткен кредиторлық берешегінің жоқтығы туралы екінші деңгейдегі банктің (банктердің) банк (банктер) алдындағы конкурсқа қатысушының кредиторлық берешегінің болмауы туралы есеп айырысу шоттары ашылған мәліметтері (егер байқауға қатысушы бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың клиенті болып табылған жағдайда осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
2) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы мәліметтер;
3) қызметтердің негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларының толық сипаттамасы;
4) тиісті және үздіксіз қызмет көрсету үшін қажетті қолда бар қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары.
10. Байланыс телефоны:
Конкурс комиссиясының хатшысы – А.С. Тойбаев
Тел.: 7 727 346 92 06
Электрондық пошта мекенжайы: a.toibaev@agakaz.kz
11. Конкурсқа қатысу өтінімдігіне және оған қоса берілетін құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
11.1. Өтінімдер қағаз жеткізгіште мөрмен бекітілген мөрленген конверттерде қабылданады.
11.2. Конкурсқа қатысушының мөрімен бекітілмеген және мөрленбеген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
11.3. Осы хабарландырудың 9-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленуі, тігілуі, мөрмен бекітілуі және әлеуетті серіктес инвестормен немесе уәкілетті тұлғамен қол қойылуы тиіс.
11.4. Осы хабарландыруда және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттар ашу кезінде қабылданбауға жатады және конкурсқа қатыспайды.
11.5. Конкурсқа қатысушылар уәкілетті өкілдер тұлғасында конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты, қатысушының мүдделерін білдіруге сенімхатты немесе қатысушының бірінші басшысының лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда қатысуға құқылы.
11.6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді (қатысушылар ұсынған конверттерді) ашу кезінде қатысу үшін алдын ала (2025 жылғы 03 сәуір 11 сағат 45 минуттан 12 сағат 00 минутқа дейін) келіп, конкурстық комиссияның хатшысына қатысушының бірінші басшысының лауазымына тағайындалғанын растайтын жеке куәлікті, сенімхатты немесе құжатты ұсыну қажет.