Авиационный колледж
Тіл – қатынас құралы
Тіл – қатынас құралы

Авиация колледжінде белгіленген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 15–25 наурыз аралығында директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Б. Абылкасымова және «Тілдер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл – қатынас құралы» атты онлайн форматта онкүндік өтті.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қабілетті жастарға қолдау көрсету, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру, жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, қазақ тілін үйрету ісінің сапасын көтеру мақсатында өткізілген онкүндікке білім алушылар мен колледж оқытушылары қатысты.

Онкүндік жоспары бойынша, «Тілдер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің оқытушылары инновациялық технологияларды, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана отырып қатысушыларға әдістемелік көмек беретін мағыналы, өте қызықты және әр түрлі формада төмендегідей іс-шараларды өткізді: Онкүндіктің салтанатты ашылуы бейнеролик арқылы тамашаланды. Кәсіби қазақ тілінен «Халықаралық Алматы әуежайы» атты ашық онлайн сабақ (оқытушы Ж. Оразаева), өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты онлайн байқау сайысы (оқытушы Г. Кулджина), «Ашық сабақты онлайн форматта өткізудің тиімді әдістері» тақырыбы бойынша вебинар (оқытушы А. Сазанбаева), «Тіл – татулықтың тірегі» атты онлайн викторина ойыны (оқытушы М. Маданова), «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт (оқытушы А. Байтыбаева), «Светлый праздник Наурыз» атты екі тілде дөңгелек үстел (оқытушы С. Маханова). Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, өз мақсаттарына жетті. Онкүндіктің жарнамасы, жоспары, өту тәртібі, шарттары, қатысушылардың жұмыстары, өте жақсы өнер көрсеткен өнерпаздар тізімі, онлайн іс-шаралардың қорытындысы талқыланып отырды.

Онлайн онкүндіктің қорытындысы бойынша жауапты оқытушылар директордың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушы-үміткерлердің арасынан суырылып шығып, байқаулардың шешуші кезеңінде 5 білім алушы ерекше көзге түсіп, «Тіл майталманы» номинациясы бойынша Нариманов Рамзан,«Тіл жаршысы» номинациясы бойынша Петирщев Кирилл,

«Тілдің туын көтерген» номинациясы бойынша Мамедов Тәмәл, «Мемлекеттік тіл-мерейім» номинациясы бойынша Завалищева Александра, «Семсер сөздің төресі» номинациясы бойынша Султан Иолдаш марапатталды. Сондай-ақ, командалық ойын нәтижесі бойынша 1-орынды «Болашақ» (ТОП-199-1МТ) командасы, 2-орынды «Піл» тобы (ТМХ-199-1МТ) командасы иеленді.

Көпшілік көзайымы болған, өте жақсы өнер көрсеткен ТОП-199-5қ. МТ тобының (Нұркелді Лина, Рысқұл Елдана, Айтжан Құралай, Тынышбай Айман, т.б.) білім алушыларын ерекше атап өтуге болады.

Жүлделі орынға ие болғандар арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздар атына жазылған "Мақтау қағазы" электронды пошталарға жіберілді. Онкүндік сәтті аяқталды!

 

Тіл – қатынас құралы
Алдыңғы жаңалықтар
Нау 30, 2021
Наурыз
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Наурыз

Нау 30, 2021

Наурыз

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру жұмыстары

Нау 18, 2021

кәсіби бағдар беру жұмыстары

Толығырақ

Мамандық бойынша онкүндік

Нау 02, 2021

"Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану" мамандығы бойынша онкүндік"

Толығырақ