Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
2021 жылғы 30 сәуірде Азаматтық авиация академиясында онлайн режимінде Академия ректоры Б.К.Сейдахметов пен колледж директоры А. Н. Саретбаевтың қатысуымен Академия мен Авиация колледжінің студенттері мен түлектері үшін дәстүрлі "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өткізілді. Іс-шараға ҚР Азаматтық авиация комитетінің және Авиациялық әкімшілігінің, сондай-ақ Air Astana авиакомпаниясы, "Сары-Арқа" халықаралық әуежайлары (Қарағанды қ.), Пертропавловск, Қостанай, Көкшетау, № 405 және №406 авиажөндеу зауыттары, "Қазақстандық шағын авиация қауымдастығы" ЗТБ, "Казлогистик" СТК, "East Wing" АҚ, "Казавиаспас"АҚ сияқты еліміздің авиациялық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

"Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне" Академия мен колледждің 200-ге жуық түлектері мен студенттері қатысты.

Жас мамандарға деген қажеттілікті №405 авиажөндеу зауытының, "Сары-Арқа", Петропавл, Қостанай әуежайларының өкілдері білдірді.

Қазақстан Республикасының Авиациялық әкімшілігі және «Kazlogistic» СТК Академия түлектерінің өз ұйымдарында тағылымдамадан өту мәселесін қарастыруға дайын.

Air Astana компаниясының персоналмен жұмыс жөніндегі маманы студенттерді ab-initio ұшқыштарын даярлау бағдарламасымен таныстырды.

Академия ректоры студенттер алдында сөйлеген сөзінде мансапты қызметтік өсу үшін көбірек мүмкіндіктер бар өңірлерде бастаған дұрыс екенін атап өтті.

Академия басшылығы студенттердің сала өкілдерімен осындай бірнеше кездесулер өткізуді жоспарлап отыр



 

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Олимпиада по казахскому языку

Ақп 10, 2020

Азаматтық Авиация Академиясының  25 жылдығына орай  өткізілген Академия ішілік қазақ тілі пәні бойынша пәндік олимпиада

Толығырақ

Ұлы даланың жеті қыры: «Алтын Адам – тарих мұрасы» атты дөңгелек үстел

Сәу 12, 2019

2019 жылдың 21 қараша күні «Авиациялық ағылшын және әлем тілдер» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы даланың жеті қыры: «Алтын Адам – тарих мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ

Семинар по «Управлению рисками»

Жел 01, 2019

В Учебном Центре По Авиационной Безопасности ИКАО в Алматы, Казахстан, с 28 по 31 мая 2019 года успешно прошел семинар по «Управлению рисками» под эгидой ИКАО.

Толығырақ