Авиационный колледж
Наурыз
Наурыз

Ұлыстың ұлы күні – ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Бүгінгі күні бұл мереке көпұлтты Қазақстандағы өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. 2021 жылғы 19 наурыз күні Авиация колледжі басшылығы мен «Тілдер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шара аталып өтті.

Білім алушылар қашықтықтан дәстүрлі қазақ билерін, әндерін және ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, сондай-ақ, бейнебаян арқылы ұлттық ойындарын көрсете отыра, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген онлайн шараға қонақтар, білім алушылар және колледж оқытушылары түгелдей қатысты.

Мерекелік шара өте көңілді, әрі қызықты өтті, осы мейраммен қатар келген «Колледж Аруы-2021» республикалық байқауының жеңімпазы және тәж иегері Асқарқызы Ясминді марапаттау рәсімі есте қаларлықтай әсер қалдырды.

Байқау Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен онлайн түрде республика көлемінде техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттер арасында өткізілді. Байқаудың шарты бойынша арнайы кастинг жарияланып, сұлу да сымбатты, білімді де өнерлі, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін арулар сайысы: «Мен қазақтың қызымын», «Менің өнерім», «Таңғажайып киім», «Ұлттық нақыштағы көйлектер дефилесі» сияқты 3 кезеңнен тұрды. Шешуші қорытынды сайыс ретінде @amido_aktobe парақшасында ең көп дауыс жинау міндетті болатын.

Республикалық онлайн байқаудың қорытындысы бойынша 100 қатысушы-үміткерлердің арасынан суырылып шыққан, байқаудың шешуші кезеңінде іріктеу комиссиясының шешімінен 17 сұлу ғана іріктеліп алынған..

Тартысты сайыстың нәтижесінде барлық талапқа сай болған және онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпаз 4-курс білім алушысы Асқарқызы Ясмин «Колледж Аруы-2021» атанды.

Көпшілік сеніммен күткен бас жүлдені және арнайы жасалған тәжді колледж директоры Сәретбаев Әлжапар Нұрмұханұлы табыстады. Сондай-ақ, Асқарқызы Ясминге Аида Кауменова (@aidakaumenova_official) Сән үйінің арнайы тігілген костюмы сыйлыққа тартылып, Алғыс хатпен марапатталды.

Наурыз
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Тіл – қатынас құралы

Нау 30, 2021

Тіл – қатынас құралы

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру жұмыстары

Нау 18, 2021

кәсіби бағдар беру жұмыстары

Толығырақ

Мамандық бойынша онкүндік

Нау 02, 2021

"Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану" мамандығы бойынша онкүндік"

Толығырақ