2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша ақпарат
Академиялық күнтізбеге сәйкес 2020-2021 оқу жылының 2-семестріндегі сабақтар 1 ақпаннан басталады.

Сабақтарды өткізу форматы аралас: дәрістер мен практикалық сабақтар қашықтықтан (онлайн), зертханалық жұмыстар санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, оффлайн режимде өтеді.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес ААА-да оқу процесін аралас форматта қамтамасыз ету мақсатында тоқсандық жоспарлау қолданылады:

I тоқсан:  01.02.2021  бастап 20.03.2021 дейін;

II тоқсан:  05.04.2021 бастап 22.05.2021 дейін .

Оффлайн сабақтар келесі оқу топтары үшін өткізіледі:

I тоқсан:

- ТЭ-20-1к, 2к, 3к, 1р, 2р, 3р;

- ОНО-20-1к,2к,1р;

- ОВД-19-1р;

- АТ(ОВД)-18-1;

II тоқсан:

- ТЭ(АВ)-19-1к,1р;

- УС-ТЭ(АВ)-20-1р;

- ТЭ(МХ)-19-1к,2к,1р;

- ТЭ(МХ)-19(PART66);

- УС-ТЭ(МХ)-20-1р,2р;

- ЛЭ-20-1к, 1р, 2р;

- ОАБ-20-1к, 2к, 3к,1р;

- ОАП-20-1к,1р,2р;

- ОАД-20-1р.

Барлық қалған топтар толық қашықтықтан оқыту форматында оқытылады.

1 курс студенттерінің назарына:

1) оқу корпусы мен жатақханада компьютерлік сыныптар бар, бірақ тиімді білім алу үшін өзіңізбен бірге ноутбук болуы қажет;

2) онлайн сабақтарға планшет немесе смартфон арқылы қатысуға болады.;

3) компьютерлік тестілеуден тек ноутбук немесе компьютер арқылы өту ұсынылады;

4) маска кию бүкіл оқу процесінде, соның ішінде сабақ кезінде аудиторияда да міндетті шарты болып табылады. Бетпердесіз келген студенттер оқу корпусына жіберілмейді;

5) COVID-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда студенттер қашықтықтан оқытуды жалғастыра алады.Тиісті өтінішті  студенттерді қолдау қызметінің поштасына жіберуіңізді сұраймыз:

sscenter@agakaz.kz

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша ақпарат
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Олимпиада по казахскому языку

Ақп 10, 2020

Азаматтық Авиация Академиясының  25 жылдығына орай  өткізілген Академия ішілік қазақ тілі пәні бойынша пәндік олимпиада

Толығырақ

Ұлы даланың жеті қыры: «Алтын Адам – тарих мұрасы» атты дөңгелек үстел

Сәу 12, 2019

2019 жылдың 21 қараша күні «Авиациялық ағылшын және әлем тілдер» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы даланың жеті қыры: «Алтын Адам – тарих мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ

Семинар по «Управлению рисками»

Жел 01, 2019

В Учебном Центре По Авиационной Безопасности ИКАО в Алматы, Казахстан, с 28 по 31 мая 2019 года успешно прошел семинар по «Управлению рисками» под эгидой ИКАО.

Толығырақ