ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат
2021 жылдың 11 қараша күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Академия студенттері ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына барды.

Олар өнер мұражайында  бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясымен танысты.  Мұражайда  батыс, орыс және кеңес  өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған.19-20 ғасырлардағы қазақ қолданбалы өнерінің бай коллекциясы қазақ қол өнерінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Студенттер олардың ішіндегі ең көбі – күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, киіздер мен текеметтерді, түкті және тақыр кілемдерді, кестелі кілемдерді көріп, тамашалады. Оларды  мұражай коллекциясында ағаш пен теріден жасалған заттардың бар екендігі таң қалдырды.  

Мұражайда жинақтаманың басым бөлігі ­– Қазақстан кескіндемесі, графикасы және мүсіні. Академия студенттері Қазақстанның тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің, сондай-ақ, Хлудов пен Черкасскийдің, Мәмбеев пен Телжановтың, Кенбаев пен Ғалымбаеваның, Жүсіпов пен Шәрденовтің, Сыдыхановтың, Айтбаев пен Сариевтің кескіндемелерімен, Рахманов пен Мергеновтің, Рапопрот пен Есенбаевтың мүсіндік жұмыстарымен танысып, білімдерін толықтырып қайтты.

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат
Жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Олимпиада по казахскому языку

Ақп 10, 2020

Азаматтық Авиация Академиясының  25 жылдығына орай  өткізілген Академия ішілік қазақ тілі пәні бойынша пәндік олимпиада

Толығырақ

Ұлы даланың жеті қыры: «Алтын Адам – тарих мұрасы» атты дөңгелек үстел

Сәу 12, 2019

2019 жылдың 21 қараша күні «Авиациялық ағылшын және әлем тілдер» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясы оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы даланың жеті қыры: «Алтын Адам – тарих мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ

Семинар по «Управлению рисками»

Жел 01, 2019

В Учебном Центре По Авиационной Безопасности ИКАО в Алматы, Казахстан, с 28 по 31 мая 2019 года успешно прошел семинар по «Управлению рисками» под эгидой ИКАО.

Толығырақ