«Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» атты семинар-кеңес

2019 жылдың 18 қыркүйек күні №20 «Авиациялық ағылшын және әлем тілдер» мектебінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Төлекова Гүлназ Қажымұратқызы Алматы қаласы әкімдігі,Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» атты семинар-кеңеске қатысып, ой бөлісіп  қайтты. Семинар-кеңесте жаңа латын әліпбиін енгізудегі маңызды мәселелер айтылып, баяндамалар тыңдалды. Латын әліпбиіне көшуге мемлекет тарапынан барлық ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны кеңінен талданды. Семинар-кеңес соңында Г.Төлекова сертификатпен марапатталды.

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *