АҚОО

АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

2013 жылдың 3 қыркүйегінде Азаматтық Авиация Академиясында Орталық Азия аумағындағы ХААҰның Орта Азия мен Қазақстан елдеріне арналған алғашқы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы ашылады. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ХАААҰ-ның оқу орталығының тұсаукесер рәсіміне ХААҰ-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Луис Онсека де Альмейда мен ХААҰ-ның авиациялық қауіпсіздік және ресмилікті жеңілдету жөніндегі Аймақтық офицері Корнелия Людорф қатысады.

2014 жылдың 14-16 сәуір аралығында АҚ және нысандылықты жеңілдету жөніндегі аймақтық офицер Корнелия Людорфтың төрайымдылығымен біздің аймақтың шығыс бөлігіндегі мемлекеттерге арналған ХААҰ-ның Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының ұйымдастыруымен авиациялық қауіпсіздік бойынша (AVSEC) екінші аймақтық семинар практикум өткізілді. Семинарға Әзербайжан, Белоруссия, Грузия, Қырғызстан, Молдова Республикаларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы авиакәсіпорындарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен авиациялық әкімшіліктің өкілдері қатысты.

ХААҰ-ның бүкіл әлемдегі азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттерді қолдау мақсатына сәйкес, Чикаго конвенциясына сәйкес және бүкіл әлемдегі авиациялық қауіпсіздікті нығайту барысында, ХААҰ мақұлданған Авиациялық қауіпсіздітіктің оқу орталықтарының базасында жылына 2 рет ХААҰ курстар өткізеді. Курстарды өткізу кезінде ХААҰ, ХААҰ-ның сертификатталған нұсқаушылар реестрінен нұсқаушылар тағайындайды. ХААҰ-ның аймақтық бросының келісімі бойынша 2014 жылы ХААҰ-ның эгидасымен келесідей курстар өткізілді:

  1. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық инспекторларды дайындау курсы, 2014 жылдың 13-21 аралығы. Қазақстан мен Қырғызстаннан 9 адам қатысты.
  2. Авиажүктер мен почтаның қауіпсіздігі жөніндегі ХААҰ-ның курстары, 2014 жылдың 15-19 аралығы. Белоруссиядан, Қазақстан мен Латвиядан 13 адам қатысты.

2015 жылы келесідей курстар өткізілді:

  1. Тәуекелді басқару мәселлері бойынша семинар-практикум, 2015 жылдың 19-22 мамыр аралығы. Армениядан, Грузиядан, Латвиядан, Қырғызстан мен Қазақстаннан 17 адам қатысты.
  2. Азаматтық авиацияның қауіпсіздігі саласындағы бақылау сапасы ұлттық бағдарламасы бойынша практикум, 2015 жылдың 16-20 қараша арлығы. Қазақстан мен Белоруссиядан 13 адам қатысты.

2016 жылы келесідей курстар өткізілді:

  1. Әуежайлар қауіпсіздігі бағдарламасы жөніндегі практикум, 25-29 сәуір. Қырғызстан мен Қазақстаннан 9 адам қатысты.
  2. Дағдарыс жағдайы кезіндегі басқару курсы, 19-23 сәуір аралығы. Қырғызстан мен Қазақстаннан 11 адам қатысты.

2017 жылы ХААҰ-ның эгидасымен «АҚ жөніндегі нұсқаушысы» курсын өткізу жоспарлануда, 26маусым – 5 шілде.

Ұлттық курстарды өткізу ХААҰ-ның АҚОО 2017 жылға арналған бектіліген оқу жоспарына сәйкес өткізу жоспарлануда.