АК қабылдау тәртібі

Авиация колледжі

Оқуға қабылдау Ережесі

1 Жалпы ережелер
1.1 Авиациялық колледжіне оқуға қабылдаудың Ережесі төмендегі негіздермен құрастырылған:
1) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы (05.05.2017ж., өзгертулер мен толықтырулар).
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 бұйрығымен бекітілген толықтырылған техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарда оқуға қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 (11 қараша 2015 жылы өзгерістермен берілген №639 ) бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі» негізінде
1.2 Әуе жол серігі, пилот біліктілігіне келесі тұлғалар қабылданады:
– 18 жасқа толған;
– толық орта білімі бар;
– мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін толық меңгерген (дауыс ырғағы нақты анық болуы керек);
– дәрігерлік – ұшқыштық сараптамалық комиссиясынан (ДҰСК)өткен және оқуға жарамдылығы туралы медициналық-әлеуметтік қорытындысын алған.
2 Құжаттарды қабылдау мен оқуға түсу емтихандарын
өткізуді ұйымдастыру
2.1 Авиациялық колледжіне азаматтардың өтініштерін қабылдау орта буын мамандарды дайындауда жоспарланған техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
– күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 20 тамызға дейін;
– сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
2.2Авиациялық колледжіне оқуға алыну туралы өтінішке қосымша келесі құжаттарды тапсыру қажет:
– білім туралы кұжаттың түпнұсқасын (9-сыныптың орта білім негізі туралы куәлік, 11-сыныптың жалпы орта білімі туралы аттестат);
– № 086-У нысандағы медициналық анықтама, флюоросуретімен(анықтамадағы фотосуретте мөр болуы тиіс) (ұшқыш және әуе жол серігі біліктіліктеріне Дәрігерлік – ұшқыштық сараптамалық комиссиясынан(ДҰСК) өтіп, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысын алу керек. ДҰСК азаматтық авиациясының медициналық орталықтарында: Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өтуге болады. Алматыдағы телефон +77273838399);
– № 63-У екпе картасы;
-№ 026-У формада жеке баланың медециналық кітапшасы;
– бала денсаулығының кітапшасы;
– 3х4 көлемдегі 8 дана фотосурет;
– жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік);
– әскерге шақыру куәлігінің көшірмесі / әскери билет (11-сынып негізіндегі талапкерлер үшін);
– талапкердің жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік).
Оқу нысаны бойынша және ақылы негізіндегі өтініштер тіркеледі және жеке қарастырылады.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орнына тапсыру үшін үстіміздегі жылы кешендік тестілеуге қатысқан өткен жылдың түлектері) немесе ҰБТ нәтижесі туралы сертификатын (ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан үстіміздегі жылдың жалпы орта білім түлектері) көрсеткен азаматтар қабылдау емтихандарынан босатылады және осы Ереженің 2.3 тармағындағыталаптарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
2.3 Оқуға орта буын мамандарды дайындауда жоспарланған техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқуға тапсырушылар үшін қабылдау емтихандары:
– жалпы орта (11-сынып негізінде) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық кәсіптік білім үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және математика);
– негізгі орта білім беру (9-сынып негізінде) – негізгі жалпы білім беру бағдарламасының көлеміндегі екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және математика)жүргізіледі.
2.4 Авиациялық колледжіне тапсыратын азаматтар үшін қабылдау емтихандары:
– күндізгі оқу бөліміне 1 тамыздан 22 тамызға дейін;
– сырттай оқу бөліміне 21 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Қабылдау емтихандары орыс немесе қазақ тілдерінде тестілеу түрінде өткізіледі. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге
– үш пән бойынша – 2 сағат 15 минут;
– екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі.
Тестілеу нәтижесі тест өткізілген күні жарияланады.
2.5 Пәндер бойынша тест тапсырмалары (сұрақтары) мен емтихан сұрақтарын бағалау кезінде шыққан даулы мәселелерді шешу және бірыңғай талаптардың сақталуы үшін Авиациялық колледжіне тапсырушылар құқығын қорғау мақсатында апеляциялық комиссия құрылады.
Тестілеу нәтижесімен келіспеген азаматтар апелляцияға беруіне болады.Апелляция қабылдау емтихан нәтижелерін хабарлағаннан кейін 13 сағатқа дейін қабылдау комиссиясына береді және бір күн ішінде өтініш берушінің қатысуымен апеляциялық комиссия қарайды.
2.6 Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3 Білім алушылар құрамына қабылдау
3.1 Авиациялық колледжіне білім алушылар құрамына қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады:
– күндізгі оқу бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін;
– сырттай оқу бөліміне 25 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін.
Оқу орнына қабылдау кезіндегі конкурс:
1) ҰБТ сертификатының балы негізінде;
2) Қазақстан Республикасының ЖОО-ға тапсыру үшін кешенді тестілеунысанында өткізілгенқабылдау емтихан нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдары негізінде;
3) Авиациялық колледжінде өткізілген тестілеу нәтижесі бойынша алған балл негізінде жүргізіледі.
Авиациялық колледжіне қабылдау конкурсын өткізген кезде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген, осы Ереженің 2.3 тармағына сәйкес 3 пәннен алған балдарының қосындысы есептеледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау кезінде конкурсқа қатысу үшін төмендегідей балл алғандар жіберілмейді:
– негізгі жалпы білімі бар (9-сынып негізінде), екі пәннен 20 балдан төмен болса;
– жалпы орта білімі бар (11-сынып негізінде), 3 пәннен 30 балдан төмен болса.
3.2 Авиациялық колледжіне қабылдаукомиссиясының ашық мәжілісінде біліктілік, мамандықтар, оқу тілі бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

1 қосымша

 Авиация колледжінің мамандықтарының тізімі және оқу мерзімі

Коды Мамандықтың атауы Біліктілік Оқу мерзімі
Негізгі орта білім негізінде (9-сынып)
 тек күндізгі оқу нысаны
Жалпы орта білім негізінде
(11 сынып)
күндізгі сыртқы
1202000 Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (әуе көлігі) Ұйымдастырушы техник 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
Кассир (билет сататын) 10 ай
1205000 Қозғалысты басқару және әуе көлігін пайдалану Әуе қозғалысының (ұшақтың) диспетчері 2 жыл 10 ай
Ұшқыш 1 жыл 10 ай
Әуе жол серігі 1 жыл 10 ай
Техник-механик 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
Жанар-жағар авиатехнигі 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
1310000 Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану (әуе көлігі) Техник-электрик 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
Радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай
Электромеханик 3 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай 2 жыл 10 ай

2 қосымша

Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізімі

Мамандық коды Мамандықтың атауы Бейінді пәндер атауы
Негізгі орта білім негізінде   
Жалпы орта білім негізінде
 

120 0000 –Өндіріс, монтаж, пайдаланужәне жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану

120 2000 Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)
Біліктілік: техник
Біліктілік: кассир (билет сататын)
Математика Математика
120 5000 Қозғалысты басқару және әуе көлігін пайдалану
Біліктілік:Әуе қозғалысының (ұшақтың) диспетчері
Біліктілік: ұшқыш
Біліктілік: әуе жол серігі
Біліктілік: техник – механик
Біліктілік:жанар-жағар авиатехнигі
Математика Математика

130 0000 –Байланыс, телекоммуникацияларжәне ақпараттық технологиялар Электрондық техника

131 0000 Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану (көлік түрлері бойынша)
Біліктілік: техник– электрик
Біліктілік: радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник
Біліктілік: электромеханик
Математика Математика