МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

ЖОБА

  • МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ Докторантура PhD

 

3.1 ААА магистратурасына қабылдау тәртібі

  1. Магистранттардың және докторанттардың контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаттары және басқа да көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы келесідей мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
  • 6М071400 Авиациялық техника және технологиялар (АТ);
  • 6М090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (ТҰ);
  • 6D071400 Авиационная техника и технологии (АТ).
  1. Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар осы деңгейдегі білімді алғаш рет алып отырса, мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу құқығы беріледі.

Шетелдік азаматтардың мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен анықталады.

  1. Тұлғаларды магистратураға және докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  2. Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); бойынша ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.
  3. ААА 5 маусымға дейін келесідей мамандықтар бойынша магистранттарды және докторанттарды қабылдауды жүргізетінін ресми сайтында www.agakaz.kz. және «Экспресс К» республикалық газетінде хабарлайды:
  • 6М071400 АТ;
  • 6М090100 ТҰ;
  • 6D071400 (АТ).
  1. Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау-25 тамызға дейін жүргізіледі.
  2. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарының бағдарламалары жоғары білім беру пәндері бойынша Типтік бағдарламалардың негізінде құрастырылған.
  3. Магистратураға және докторантураға жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
  4. Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

1) ААА ректорының атына өтініш;

2) жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариалды куәландырылған құжат;

3) осы ереженің 3.1.4 тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін );

5) 3х4 көлеміндегі алты фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

7) жеке куәлігінің көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмесімен бірге, салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылады. Құжаттарды салыстырғаннан кейін құжаттар қайтарылады.

  1. Докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданады.
  2. Докторантураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) жеке куәлігінің көшірмесі;

3) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

4) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

6) 3×4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

3.2 Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

  1. Магистратураға және докторантураға түсуші шет ел азаматтарынан басқа Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, түсу емтихандарын тапсырады:

1) ағылшын тілі бойынша;

2) 3-қосымшаға сәйкес мамандық бойынша.

  1. Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:

1) оқыту тілі бойынша (мемлекеттік немесе орыс тілі);

2) 3-қосымшаға сәйкес мамандық бойынша.

  1. Магистратураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
  2. ААА ректоры- қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
  3. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар ААА қызметкерлерінен қалыптасады.

Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан  және үш мүшеден тұрады, оның ішінде екеуі ғылым докторлары болуы тиіс.

Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы ААА ректорының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары (бұдан әрі-тіл бойынша түсу емтиханы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі (ҰТО).
  2. Тіл бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.
  3. Мамандық бойынша түсу емтиханы ААА емтихан комиссиясымен жазбаша түрде жүргізіледі.
  4. Түсу емтихандарын қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
  5. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және ААА апелляциялық комиссиясы құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссияның құрамы ААА ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

  1. Апелляциялық комиссия магистратураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
  2. Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
  3. Апелляциялық комиссия мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

  1. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға түсуші тұлға ААА апелляциялық комиссия төрағасының атына береді.

Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

  1. ААА апелляциялық комиссиясы өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
  2. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

 3.3 Магистратураға және докторантураға қабылдау.

  1. Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды ААА қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурсқа екі түсу емтихандарының қосындысынан бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

1) ғылыми-педагогикалық магистратураға, докторантураға – кемінде 150 балл;

2) бейінді магистратураға және резидентураға – кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілінен – кемінде 30 балл.

Осы Ережелердің 3.1.4 тармағында көрсетілген ағылшын тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

  1. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, егер мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық ағылшын тілі бойынша түсу емтиханынан ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
  2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде мақсатты орындар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қайтарылады.
  3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурада және докторантурада оқыған магистранттар мен докторанттар оқуды тәмамдағаннан кейін АА Академиясында 3 жыл еңбек етуі керек.
  4. ААА Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне күнтізбелік он күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде магистратураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

 

ҚК жауапты хатшысы                                          Г.Алтаева

  

 

1-қосымша

Магистратура мамандықтары бойынша түсу емтихандарының пәні

Мамандықтың атауы

Пәннің атауы

1.

6М071400

АТ

1.Авиациялық техниканың теориялық негіздері

2. Авиациялық техниканың сенімділігі

2.

6М090100

ТҰ

1. Тасымалды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару

2. Бірыңғай көлік жүйесі

 

2-қосымша

Магистратура мамандықтары бойынша пререквизиттер тізімі

Мамандықтың атауы Пәннің атауы
1. 6М071400 АТ 1.Қазақстан тарихы

2. Философия

3. Шет тілі

4. Жоғарғы математика

5. Физика

6. Химия

7. Электромеханика

8. Авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі

9. Авиациялық техниканың теориялық негіздері

10. Авиациялық техниканың қауіпсіздігі

2. 6М090100 ТҰ 1.Қазақстан тарихы

2. Философия

3. Шет тілі

4. Жоғарғы математика

5. Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

6. Бірыңғай көлік жүйесі

7. Авиациялық қауіпсіздік

8. Көлік құралдары

9. Әуежайдағы ӘК қызмет көрсетуді ұйымдастыру