ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ БАКАЛАВР

  • Жалпы ережелер

1.1 Азаматтық Авиация Академиясына (бұдан әрі-ААА) оқуға қабылдау ережесі келесідей негізде құрылады:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы және 8.07.2016 жылғы №14-3/1139 нұсқаулық хат негізінде.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» және 8.07.2016 жылғы №14-3/1139 нұсқаулық хат негізінде (14 шілде 2016 жылы өзгерістерімен берілген №404 қаулы).
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» (6 сәуір 2017 жылы өзгерістермен берілген №14 қаулы).
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» (05 қаңтар 2016 жылы өзгерістермен берілген №1 ).
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы №208 қаулысымен бекітілген «Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінін растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ережесі негізінде;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 (11 қараша 2015 жылы өзгерістермен берілген №639 ) бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі»   негізінде;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 (5 қазан 2015 жылы өзгерістермен берілген №587) бұйрығымен бекітілген «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ережесі негізінде. 
  • БАКАЛАВРИАТ

2.1 Азаматтарды қабылдау

  1. ААА жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта кәсіптік, орта білімнен кейін), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады.
  2. Тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын ( білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

 

  • 5В071400 Авиациялық техника және технологиялар (бұдан әрі – АТ);
  • 5В074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану (бұдан әрі – ҰА);
  • 5В090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бұдан әрі – ТҰ);
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

  1. ААА түсетін тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
  2. ААА техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Ұқсас мамандықтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі.
  3. ААА жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды, қабылдау комиссиясы әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырады. Әңгімелесу ААА ректорының бұйрығымен бекітілген комиссиямен ауызша формада жүргізіледі.
  4. Шетел азаматтарын ақылы негізде ААА оқуға қабылдау, қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады. Әңгімелесу тест түрінде, келесідей пәндер бойынша жүргізіледі: математика, физика, оқыту тілі (қазақ немесе орыс тілі).

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20; әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге – 1 сағат 30 минут бөлінеді. Әңгімелесу нәтижелері тестілеу өткізілген күні жарияланады. Әңгімелесуді қайта тапсыруға жол берілмейді.

  1. ААА мамандықтары бойынша оқыту мерзімдері 1-қосымшада көрсетілген.

 

  • Кешенді тестілеу
  1. Кешенді тестілеу келесідей тұлғалар үшін өткізіледі:
  • өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру     ұйымдарының бітірушілері үшін;
  • техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта  білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін;
  • халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері үшін;
  • республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін;
  • сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін.

Қайта кешенді тестілеу ақылы негізде Азаматтық авиация академиясына қабылдау мақсатында осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ және кешенді тестілеу қатысушылары үшін, сондай-ақ ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін өткізіледі.

Қосымша кешенді тестілеу Азаматтық авиация академиясына ақылы негізде қабылдау мақсатында қайта кешенді тестілеу нәтижесі бойынша шекті балды алмаған шартты түрде қабылданған студенттер үшін өткізіледі.

2.рААА қабылдау комиссиясы кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 1 маусым мен 20 маусым аралығында, қайта кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, шартты түрде қабылданған студенттердің қосымша кешенді тестілеуге қатысуы үшін – 5-12 қаңтар аралығында өткізеді.

  1. Кешенді тестілеу өткізу бойынша базалық оқу орындарында 17-23 шілде аралығында, қайта кешенді тестілеу – 20-24 тамыз, шартты түрде қабылданған студенттер үшін қосымша кешенді тестілеу – 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерін ААА тапсырған талапкерлерге кешенді тестілеу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткізіледі.
  2. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат ААА қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (түпнұсқа);

3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

4) 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама  (ұшқыш және әуе диспетчері біліктілігі үшін міндетті түрде Дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясынан (ДҰСК) өтіп, оқуға жарамды деген медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыру міндетті. ДҰСК азаматтық авиацияның медициналық орталықтарынан өтуге болады: Астана, Алматы.)

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Шартты түрде қабылдануға үміткер адамдар Азаматтық Авиация Академиясының  қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге  жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік,орта білімнен кейінгі) білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы  медициналық анықтаманы, қайта кешенді тестілеу сертификатын қоса береді

  1. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде бес пән бойынша өткізіледі:

1) оқу сауаттылығы (оқу тілі);

2) Қазақстан тарихы;

3) математикалық сауаттылық;

4) 2-қосымшаға сәйкес талапкерлердің таңдаған мамандығына байланысты екі бейіндік пән бойынша.

  1. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша

 

2.3 Білім гранттарын тағайындау тәртібі 

  1. Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін азамат қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
  • белгіленген үлгідегі бланкідеөтiнiш;
  • білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;
  • 3х4 көлемдегі 6 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама  (ұшқыш және әуе диспетчері біліктілігі үшін міндетті түрде Дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясынан (ДҰСК) өтіп, оқуға жарамды деген медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыру міндетті. ДҰСК азаматтық авиацияның медициналық орталықтарынан өтуге болады: Астана, Алматы.)
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  1. Білім грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
  2. Білім грантын алуға басым құқығы бар азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.
  3. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
  4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.
  5. 6. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.
  6. Білім грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, оның ішінде әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл жинау қажет.

  1. Білім гранттарын алған азаматтарға білім саласындағы уәкілетті орган белгіленген үлгідегі куәлікті табыс етеді.
  2. Тиісті куәліктің иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

2.4 Оқу орнына қабылдау

1.оСтуденттер қатарына қабылдауды Академияның қабылдау комиссиясы 10-28 тамыз аралығында өткізеді.

  1. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғалар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді
  2. Азаматтар қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен қосымша келесі құжаттарды тапсырады:
  • жалпы орта (орта жалпы), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама (ұшқыш және әуе диспетчері біліктілігі үшін міндетті түрде Дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясынан (ДҰСК) өтіп, оқуға жарамды деген медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыру міндетті. ДҰСК азаматтық авиацияның медициналық орталықтарынан өтуге болады: Астана, Алматы)
  • ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;
  • білім беру грантын тағайындалғаны туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • әскерге шақыру куәлігінің көшірмесі (ерлер үшін).
  1. ААА ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша келесідей пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 50 балл, оның ішінде әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 5 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
  2. ААА жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды, қабылдау комиссиясы әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
  3. ААА ақылы түрде әңгімелесу қорытындысы бойынша кемінде 30 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған шетел азаматтары қабылданады.
  4. Білім беру қызметтерін көрсету шарттары жасалғанға дейін шетел азаматтары білім беру ұйымдарына ағымдағы банктік шоттың жағдайы туралы анықтаманы ұсынады. Ағымдағы банктік шоттың сомасы көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымы арасындағы шартта белгіленетін оқу ақысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес белгіленетін тұру ақысының құнынан кем болмауы тиіс.
  5. Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
  6. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
  7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.
  8. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін рәсімдесе, ол құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған жағдайда ААА студенті қатарына қабылданады.

Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап төрт аптаға жарамды.

  1. Оқуға қабылдау кезінде, ақылы негізде және білім беру гранты негізінде азаматтармен білім беру қызметін көрсету туралы келісім-шарт жасалады.
  2. ААА Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігіне белгіленген нысан бойынша және белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде келесідей мәліметтерді ұсынады:

1) қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есеп;

2) студенттерді қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін;

3) бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын;

4) жоғары оқу орнына келмеген, бірақ білім гранты тағайындалғандығы туралы куәлік алған тұлғалардың тізімін (мамандығын көрсетіп).

  1. Осы Үлгі қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді ААА қабылдау комиссиясы дербес турде шешеді.

 

 

1 қосымша

ААА мамандықтары бойынша оқу мерзімдері

  5В071400

АТ

5В074300

ҰА

5В090100

ТҰ

Күндізгі оқу

бөлімі

жалпы орта білім негізінде (11сынып) 4 жыл
ұқсас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білім негізінде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша 3 жыл
жоғары білім негізінде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша 2 жыл
Сырттай оқу

бөлімі

жалпы орта білім негізінде (11сынып) тиым салынады
ұқсас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білім негізінде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша 3 жыл
жоғары білім негізінде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша тиым салынады 2 жыл
Қашықтан оқыту технологиясы бойынша күндізгі оқу бөлімі жалпы орта білім негізінде (11сынып) тиым салынады
ұқсас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білім негізінде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша 3 жыл
жоғары білім негізінде қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша 2 жыл

2-Қосымша

Мамандықтардың бейіндік пәндері

Мамандықтар атауы Бейіндік пән 1 Бейіндік пән 2
1 5В071400 Авиациялық техника және технологиялар математика физика
2 5В074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану математика физика
3 5В090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану математика география

 

 

  Тестілеу пәндері Тапсырмалар саны Тапсырмалар формасы Бағалау формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
Оқу сауаттылығы 20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
Қазақстан тарихы 20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл

2 блок

 

 

1 бейінді пән

20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
10 Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

 

2 бейінді пән

20 Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
10 Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 бал

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50 оның ішінде әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау үшін кешенді тестілеу 

Код Мамандықтар аты Жалпы бейіндік пән бейіндік пән
1 5B071400 5В071400 Авиациялық техника және технологиялар Физика Авиациялық қауіпсіздік
2 5В074300 5В074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану Физика Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
3 5В090100 5В090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану Физика Еңбекті қорғау

 

Жоғары балл саны: 70.

Шекті деңгей балы: 35.  оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл

 

3-Қосымша

Магистратура мамандықтары бойынша магистратураға және докторантураға түсу емтихандарының пәндері

Мамандықтар атауы Пән атауы
1. 6М071400

АТ

1. Авиациялық техниканың теориялық негіздері

2. Авиациялық техниканың сенімділігі

2. 6М090100

ТҰ

1. Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

2. Бірлескен көлік жүйесі

3. 6D071400

АТ

1.     Авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі;

2.     Авиациялық техниканың сенімділігі;

3.     Жаңа техникалық шешімдерді құрастыру барысындағы актуалды мәселелер.

 

4-Қосымша

Магистратура мамндықтары бойынша пререквезиттер тізімі

Мамандықтар атауы Пән атауы
1. 6М071400

АТ

1.     Қазақстан тарихы

2.     Философия

3.     Ағылшын тілі

4.     Жоғары математика

5.     Физика

6.     Химия

7.     Электротехника

8.     Авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі

9.     Авиациялық техниканың теориялық негіздері

10.             Авиациялық техниканың сенімділігі

2. 6М090100

ТҰ

1.     Қазақстан тарихы

2.     Философия

3.     Ағылшын тілі

4.     Жоғары математика

5.     Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

6.     Бірлескен көлік жүйесі

7.     Авиациялық қауіпсіздік

8.     Көлік құрал-жабдықтары

9.     Әуе – жайдағы әуе кемелерін қызмет етуді ұйымдастыру

3. 6D071400

АТ

1.     АТиТ Еуропалық стандарттар талаптарына сай пайдаланудағы   заманауи ғылыми мәселелер;

2.     Әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігі мен ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету;

3.     Қазіргі заманғы композиттік материалдардан пайдалануға негізделген авиациялық жабдықты жақсартылған құрылымдық элементтері;

4.     Беріктігі авиациялық қозғалтқыштар.

 

 Талапкерлердің сұрақтары

АА Академиясына қабылданудың өту балы қандай?

ААА-на өтудің ең төменгі балы 50 балдан кем емес, оның ішінде 1-блоктың әрбір тарауы бойынша 5 балдан кем емес, (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) және әрбір бейіндік пән бойынша 15 балдан кем емес.

Қысқа мерзімде оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша жуық мамандықтарға түскісі келетіндер, кешендік тестілеуден өткендер, тестілеудің қорытындысы бойынша 35 балдан кем емес жинағандар, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша 5 балдан кем емес және бейіндік пән бойынша 13 балдан кем емес балл жинағандар.

Грантқа түскім келеді, ҰБТ тапсырмағанмын, не істеуге болады?

Егер Сіз ҰБТ тапсырмасаңыз, демек сіз:

  • ҰБТ-ны өткен жылдары тапсырғансыз немесе Сіз колледж бітіріп,

грантқа түскіңіз келеді. Ол үшін Сіз талапкердің кешенді тестілеуін (ТКК) тапсыру үшін 1-20 маусым аралығында құжаттарды тапсыруыңыз қажет. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша КОНКУРС ҰБТ-ны тапсырғандармен бірге өтеді. Одан кейін Гранттың иегерлері мен жеңімпаздары анықталады. ЖОО-на түсу үшін барлық қажетті құжаттар керек+кешенді тестілеу үшін төленген түбіртек.

Академияның күндізгі оқу бөліміне түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • ҰБТ сертификаты (50 балдан кем емес, оның ішінде 1-блоктың әрбір

тарауы бойынша 5 балдан кем емес және әрбір бейіндік пән бойынша 15 балдан кем емес);

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • 086-нысандағы медициналық анықтама;
  • 3х4 көлемдегі сурет – 6 дана;
  • қажет болған жағдайда, қосымша: отбасы жағдайын растайтын құжат (жетім, көп балалы отбасы және тағы басқалары).

 Академияның сырттай оқу бөліміне түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Колледжді бітіргені туралы дипломның түпнұсқасы (сырттай оқу бөліміне ҚР БҒМ талаптарына сәйкес колледж бітіргендер және екінші жоғары білім алуға түсетіндер ғана қабылданады);
  • 086-нысандағы медициналық анықтама;
  • 3х4 көлемдегі сурет – 6 дана;
  • қажет болған жағдайда, қосымша: отбасы жағдайын растайтын құжат (жетім, көп балалы отбасы және тағы басқалары).

Академияға екінші жоғары білім алуға  түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Диплом (түпнұсқа);
  • 086-нысандағы медициналық анықтама;
  • 3х4 көлемдегі сурет – 6 дана.

Магистратураға оқуға түсу үшін:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Диплом (түпнұсқа);
  • 086-нысандағы медициналық анықтама;
  • 3х4 көлемдегі сурет – 6 дана.

ҰБТ-ны тапсыру кезінде мүгедек балаларға қандай жағдайлар жасалған:

Жауап: жастайынан мүгедек болған түлек-балаларға (қимыл-тірек аппараты бұзылған, қант диабетімен ауыратындар және тағы басқалары) ҰБТ-ны өткізу кезінде арнайы кабинеттер бөлінеді. Медициналық қызметкерлер кезекшілікте тұрады. Қажеті дәрі-дәрмекпен, ауыз сумен қамтамасыз етіледі. қажет болған жағдайда, БҒМ өкілдері қажетті көмек көрсетеді.

Орыс мектебінің  түлегі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыра ала ма?

Жауап: ҰБТ қорытынды аттестаттау мен ЖОО-на түсуден құралады. Қорытынды аттестаттау үшін Сіз тестілеуді қай тілде оқыдыңыз, сол тілде тапсыруыңыз қажет.

Оқу бағасы мен жатақханада тұру құны қанша?

Оқудың 1 жылдық құны 370 000 теңгені құрайды, жатақханада тұру айына 5000 теңге.

Менің жоғары білімім «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және орта білім «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, «Әуе тасымалын ұйымдастыру» мамандығының сырттай оқу бөлімі бойынша екінші жоғары білім алу үшін Сіздердің Академияда қанша жыл оқуым керек?

Сіз қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша, жоғары білім негізінде оқуға түсе аласыз. Оқу мерзімі 2 жыл.

 Сіздердің Академияға қалай жетуге болады, сол жайлы аздаған мағлұмат берсеңіз.

АА Академиясы келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қ., Закарпатская к-сі, 44. №№106,86,79 автобустарымен келуге болады, «Азаматтық Авиация Академиясы» аялдамасы.

Мен 11-сыныпты бітірейін деп отырмын, Азаматтық Авиация Академиясының бакалавриатына, «Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» факультетіне оқуға түскім келеді. Менің сұрағым, Сіздердің дипломды алғаннан кейін, шетелдік ЖОО-ның магистратурасына оқуға түсе алам ба? Студенттерді алмастыру бағдарламасы бойынша жұмыс істейсіздер ме? Жауабыңызға рахмет!

«Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» оқу бағдарламасы бойынша «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығын бітіргеннен кейін, Сіз шетелдік ЖОО-ның магистратурасына түсу үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу құқыңыз бар. Әдетте, «Болашақ» бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алған біздің студенттер, «Авиациялық техника және ғарыштық техника» мамандығы бойынша Лондонда білім алуда. Алғашында 1,5 жыл тіл курсынан өтеді, одан кейін магистратураға оқуға түседі. Академияда шетелдік ЖОО-мен студенттер алмасу тәжірибесімен 3-жыл айналысуда. Біздің студенттер 2 курстың 1-семестрін Рига Көлік академиясының «Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» оқу бағдарламасы бойынша оқиды.

 Мені қызықтыратын сұрақ, Сіздердің ЖОО-ның студенттерінің жатақханада тұру мәслесі. Сіздер студенттерді жатақханаға тұруға міндеттейсіздер ме, әлде үйден қатынап оқуға бола ма?

Барлық сұрақтарды нақтылау үшін Сіздерге келуге бола ма немесе  қажетті ақпаратты алу үшін арнайы телефон нөмірі бар ма? Және сабақ әуежай маңындағы ғимаратта ғана өте ме?

Жатақхана студенттің қалауымен ғана беріледі.

Оқу академияның келесі мекенжайдағы ғимаратында өткізіледі: Алматы қ., Закарпатская к-сі, 44( әуежай ауданы).

Барлық қызығушылық тудырған сұрақтарыңызға жауапты қабылдау комиссиясысының телефоны бойынша біле аласыз: 8 (727) 383-90-75 немесе №79,86,106 автобустарымен келе аласыз, «АА Академиясы» аялдамасы.

Мен Тәжікстан Республикасының азаматымын. Қазақстандық Авиация Академиясының «Авиадиспетчер» мамандығына (бакалавриат) оқуға түскім келеді. Сайттан шетелдік азаматтарды оқуға қабылдау туралы оқыдым. Онда шетелдік азаматтарды қабылдау әңгімелесу түрінде өткізіледі деп жазылған (физика, математика, орыс  пәндері бойынша – тестілеу).

«Авиадиспетчер» мамандыына оқуға түсу үшін Сізге «Авиациялық техника және технологилар» мамандығына түсу қажет, 1-курсты бітіргеннен кейін «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға іріктеу жүргізіледі. Оқу бағасы биыл 370 000 теңгені құрайды. Оқу мерзімі – 4 жыл.

Түсу емтихандары тестілеу түрінде пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, оқу тілі. Шетелдік азаматтың мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшартымен анықталады.

Егер ұшқыш мамандығын оқығым келсе, оқу, ұшу практикасы және жаттықпа бағасы қанша болады?

Егер Сіз ақылы бөлімге түскіңіз келсе, онда ол шамамен 39 миллион теңгені құрайды.