ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ

Оқу пәндеріне тіркеу тәртібі

Оқу бағдарламаларын меңгеру үшін студент өз еркімен жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) қалыптастырады, ЖОЖ үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентінің негізінде және элективті пәндер каталогының (ЭПК) таңдау бойынша пәндердің негізінде құрастырылады.

ЭПК мамандықтар қимасындағы пәндерді оқу үшін ұсынылатын толық тізім ретінде ұсынылған және жеке траекторияны таңдау үшін арналған.

Студенттер әрбір оқу жылындағы академиялық күнтізбедегі белгіленген мерзімдерге сәйкес семестр басталғанға дейін оқу пәндеріне жазылуы тиіс.

Оқу пәндеріне тіркелу эдвайзердің көмегімен жүзеге асырылады.

Оқу пәндеріне тіркелу үшін студент өтініш береді, онда тиісті оқу жылының екі семестріне барлық таңдалған пәндер көрсетіледі. Өтінішке ОТЖБ басшысы қол қойып, ТК тапсырады.

Студенттің өтініші мен үлгілік оқу жоспарының негізінде ТК білім алушының жеке оқу жоспары толтырылады, оған сәйкес оқу пәндері толтырылады.

ЖОЖ ОТЖБ басшысымен бекітіліп, таңдалған пәндер бойынша академиялық потоктар мен топтарды қалыптастыру үшін ТК тапсырылады.

Семестрдің аясында пәндердің 22-ден кем емес кредиті тікелуі мүмкін.

Оқудың барлық кезеңінің ішінде білім алушы теориялық оқудың 129-дан кем емес кредитын меңгеруі тиіс.

Студент ЖОЖ әзірлемесіне және жұмыс оқу жоспары мен мамандықтың оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес оқу курсын толық меңгеруге жауапты.