ААА-ның Даму жоспары

СТРАТЕГИЯЛЫҚ  ЖОСПАРЛАУ

Азаматтық авиация академиясының стратегиялық даму жоспары келесі құжаттарда көрсетілген:

  • 05.2012ж. бекітілген «Азаматтық авиация академиясы» АҚ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы;
  • 05.2012ж. бекітілген «Азаматтық авиация академиясы» АҚ даму жоспары;
  • 2012 жылғы 21 мамырдағы (ҚР БҒМ), ҚР ККМ 2012 жылғы 25 мамырдағы №374 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Азаматтық авиация академиясы» АҚ кадрлар дайындығы сапасын жетілдіру бойынша 2012-2015 жылдарға арналған іс-шараларының ведомствоаралық жоспары;
  • 2012 жылғы 18 мамырдағы №375 Қазақстан Республикасының экономикасын оңтайландыру мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссия отырысының №17/11-3 хаттамасы;
  • 2012 жылғы 3 шілдедегі Астана қ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К.Мәсімовтың төрағалығымен өткен №17-39-07 хаттамасы;
  • 2013 жылғы 11 қаңтардағы №1-р «2013-2015 жылдарға арналған ҚР азаматтық авиация саласының кешендік даму шаралары жоспарын бекіту туралы» ҚР премьер-министрінің жарлығы;
  • 2013 жылдың 18 наурызында Астана қ. өткен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі С.Ахметовтың қатысуымен өткен отырыстың №17-5/18 хатттамасы;

ЖОО-ның қызметі Қазақстан Республикасын білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Азаматтық авиация академиясының бағдарламалық даму құжаттарына сәйкес келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілді:

1)PART – 147, PART-FCL оқу орталықтарын сертификаттау;  бортсеріктерді дайындау;

2) халықаралық деңгейдегі аккредитациядан өту;

3) оқу-жаттығу модулінің, оқу аэродромының, жатақхананың оқу-өндірістік базасы мен құрылысын кеңейту есебінен инфрақұрылымды жетілдіру;

4)  шетелдік жоо-серіктестермен авиациялық мамандықтар бойынша магистрлер мен докторларды бірлесіп дайындау;

5) «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистрлерді, PhD докторларын дайындау, ПОҚ мен нұсқаушыларды қайта дайындау және стажировка бойынша жұмыстарды белсендіру;

6) жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламаларын әзірлеу, курстарға авиакәсіпорындардың мамандарын тарту және практикаларды өткізу бойынша академияның жұмыс берушілермен бірге өзара жұмыс істеу механизмін құру;

7) қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, сондай- ақ  шетелдік ғалымдармен бірлесіп, импакт-факторлы журналдарда зерттеулер қорытындысын жариялауды ұйымдастыру;

8) оқу орталықтарындағы «Академиялық мобильділік» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жағдайларды жасау.

 Жалпы алғанда, Азаматтық авиация академиясының ұжымы 2013-2014 оқу жылына қойылған мәселелерді шешуге интеллектуалды, ғылыми, рухани мүмкіншілігі жеткілікті.