PART-FCL ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

 Азаматтық авиация академиясының оқу орталығының ашылуы

Жаңа оқу орталығының ашылуы

 2016 жылдың 16 наурызында Азаматтық авиация академиясында халықаралық стандарттар бойынша дайындықты жүзеге асыратын Қазақстандағы   ғана емес, сондай-ақ Орта Азиядағы бірден бір оқу орны болып табылатын жаңа оқу орталығының ашылуы өтті.

Биылғы жылы Академияның құрылғанына 22 жыл толады. Осы қысқа тарихи мерзімнің ішінде, авиациялық кадрларға білім ісінде жылдар бойы жинақталған  үздік дәстүрлерді сақтай отырып, мемлекеттің қолдау көрсетуінің арқасында кадрлар дайындығы сапалы жаңа деңгейге жетті. Қазақстанның азаматтық авиациясының  кадр потенциалының ұлттық бағдарламаларын дамытуға жаңа жаттығу кешендері мен оқу ұшақтарының оразан зор мәні бар. Бұл студентердің сапалы білімін алуды жүзеге асырып қоймай, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға және қайта дайындық курстарын тұрақты өткізуге мүмкіндік береді.
Боралдай аэроалаңында Жаңа оқу жылында TechnamP2002  және TechnamР92JS 10 оқу ұшағын салтанатты қабылдау рәсімі өтті, онда FNPT-II әмбебап жаттықпасында, Airbus-320, Boeing-737 ұшақтарының жаттықпасында ұшқыштардың дайындығы үшін арнайы сабақтар өткізіледі.
Авиаторлардың отандық авиацияның дамуына қосқан үлкен еңбегін ескере отырып, «ЕЛ САМҒАУ» авиация ардагерлерінің қоғамдың қорының ұсынысы негізінде, Академия кеңесінің шешімімен ұшақтарға Қазақстанның атақты ұшқыштары Жолдасбек Нурумовтың, Садық Ахметовтың, Хамит Қалиевтың, Владислав Марышевтың, Сағынғали Нұрғалиевтың есімдері берілді.
Осы күні оқу ұшақтарына техникалық қызмет көрсету станцияларының ашылуы өтті.
Бұл шараға 150-ден астам қонақ қатысты, олардың ішінде БАҚ өкілдері мен Қазақстанның жетекші арналары болды.
АА Академиясының ректоры М.Байжұманов құттықтау сөз сөйледі, өз сөзінде ол авиаторлардың, азаматтық авиация ардагерлерінің отандық авиацияның дамуына қосқан баға жетпес еңбектерін атап айтты.
«Бүгінгі күн біздің Академиямыздың тарихына жарқын кезең болып енеді. Оның себебі халықаралық стандарттар мен бағдарламалар бойынша ұшқыштар дайындығын жүзеге асыратын, өз қарамағында заманауи жаттықпалары, сапалы нұсқаушылық құрамы мен жаңа оқу ұшақтары бар ұшу құрамын дайындайтын Жаңа Оқу орталығының салтанатты ашылуы болып табылады.
Бүгінгі таңда Академияның құрылымы түбегейлі өзгерген. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, басты акцент авиациялық Оқу орталықтары арқылы авиамамандардың дайындығы мен қайта дайындығына бөлінеді.
Бүгінгі жағдай Жаңа оқу орталығының ашылуы, ұрпақтарға берілген эстафета ретінде, бәсекеге қабілетті авиация мамандарын дайындауға және оқытуға деген еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығының дәлелі» деді.
Сөз соңында М.Байжұманов мырза қонақтар мен ардагерлерге Академия қабырғасынан сауатты, жоғары білікті және мақсаты жоғары түлектерді шығаруға барлық күш-жігерін салатынын айтты.
Бір шетінен Академия ұжымы болашақта түлектеріміздің халықаралық рейстердің заманауи лайнерінде көруі үшін, біздің қабырғамыздан білікті, сауатты мамандар шығаруға барлық күш-жігері мен білімін салатынына уәде береді.
Осы саланың маңызды міндеттерінің бірі жолаушылар және жүк машиналары авиациялық тасымалдары қауіпсіздігін мен жолаушыларға жоғары мәдениетті қызметті қамтамасыз ету болып табылады.
М.Байжұманов мырза авиация ардагерлеріне, осы шараны ұйымдастыруға ат салысқан барлық қатысушыларға өзінің шынайы алғысын білдірді. Сөз соңында, барлық қонақтарды, студенттерді келе жатқан «Наурыз» мерекесімен құттықтады:
«Жаңа жыл «Наурыз» мерекесінің қарсаңында Азаматтық авиация академиясының атынан барлық қонақтарды, авиакомпаниялардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтық  қызметкерлерін құттықтаймын!
Әсіресе, авиация саласының ардагерлерін құттықтап, оларға ризашылығымды білдіремін. Олар өз еңбектерінің арқасында әуе трассаларын салып, әуе кемелерінің жаңа түрлерін меңгерді. Олар жердегі инфрақұрылымның дамуына өз үлестерін қосып, оны дамытуға ат салысты. Сіздерге әрдайым мықты денсаулық, зор бақыт, амандық тілеймін» деп өз сөзін аяқтады.
Жаңа оқу орталығының ашылуымен Азаматтық авиация комитетінің басқарма жетекшісі  К.Б.Тоқтанбаев пен Алматы қ. Түрксіб ауданының әкімі Устюгов, азаматтық авиация ардагері Е.С.Абдраманов, Д.А.Душимов және басқа да ардагерлер, ҚР авиакомпаниясының жетекшілері, «Хабар», «Қазақстан» және басқа да БАҚ өкілдері құттықтады.
Академия түлектері қонақтарға Боралдай әуе алаңының аспанында жоғары пилотаждың мысалын көрсетті.

Азаматтық авиация академиясы жоғары білікті мамандар: механиктер, авиониктер, ұшқыштар дайындығын және азаматтық авиацияның қызмет көрсететін, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азияның азаматтық авиация кәсіпорындарының мамандарының қайта дайындығы мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бірден бір оқу орны болып табылады.