Отделение №3

DSC_0053Байтыбаева Айман Қадырғажықызы

№ 3 1202000 «Тасымалды ұйымдастыру және әуе көлігін пайдалану (әуе көлігі)» мамандығы бойынша бөлім меңгерушісі.
Білімі : жоғары, «Қайнар» университеті қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы, АҚ «Азаматтық авиация академиясы».
Санаты: бірінші
Педагогикалық стаж: 11 жыл
№ 3 бөлім 1202000 «Тасымалды ұйымдастыру және әуе көлігін пайдалану (әуе көлігі)» мамандығы бойынша авиация мамандарын даярлауды жүзеге асырады.
Мамандықтар бойынша оқу мерзімі:
• 9 сынып негізінде күндізгі оқыту  – 3 жыл 10 ай;
• 11сынып негізінде күндізгі және сырттай оқыту –2 жыл 10 ай.
• біліктілігі – техник.
Техник жолаушыларды, жүктерді және почтаны     тасымалдау бойынша,  коммерциялық операцияларды орындайды және ұшу реттілігін қмтамасыз ету бойынша коммерциялық және рейс құжаттарын рәсімдейді.
Осы мамандықтың бітірушілері әуеайлақ-диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің технигі; тасымал жөніндегі менеджер; көлік-экспедициялық сату қызметі бойынша менеджер; көлік тасымалының тасымал менеджер-логисті; жолаушыларды тасымалдау қызметінің агенті; жүк тасымалдау қызметінің агент қызметтерін орындай алады.
Бөлімнің педагогикалық құрамы –24 оқытушы, олардың:
3- жоғары санатты оқытушылар;
8 – бірінші санатты оқытушылар;
1- магистр;
3- екінші санатты оқытушылар;
9 – санаты жоқ оқытушылар;
Бөлімшенің оқытушылары келесі мәселелерді  шешуді басшылыққа алады:
– озық педагогикалық тәжірибені тарату және талдап қорыту; кәсіби шеберлікті және  оқытылатын пәндер аясында іскерлік дағдыларын жетілдіру;
– ПОӘК жүйелеу, оқу-әдістемелік кешендер материалдар, әдістемелік оқу құралдары, пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары, білім алушыларды қамтамасыз ету үшін дидактикалық материалдар,  Мемлекет және  орыс тілдерінде дәріс жиынтығы;
– оқу-тәрбие үрдісін дәстүрлі және қазіргі заманғы ақпараттық тасымалдаушылармен  қамтамасыз ету, оқытушылар мен білім алушыларды  ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу,  колледж оқытушыларына техникалық және әдістемелік көмек көрсету
№ 3 бөлім оқытушылары  келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
• Оқу жәнетәрбиелік жұмыстарды жүргізу
• Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды орындауды қамтамасыз етеді
• Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу
• Оқу-материалдық базаны нығайту және дамуын қамтамасыз ету
• Оқытылатын пәндердің кәсіби шеберлігін көтеру
• Үгіт-насихат жұмыстарын өткізуге қатысу
Әлеуметтік серіктестер
«Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ заманауи теxникалық базалар өндірісін пайдаланалатын кәсіпорын.  Оқу өндірістік кешенін  қалыптастыру өндірістік білім берумен оқу үрдісінің интеграциясы жолымен келе жатыр. Жұмыс берушілермен бірге мамандық таңдау бойынша кездесулер өткізіледі. «Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ кәсіпорынының жетекші мамандыры қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады.
Sabre автоматтандырылған брондау жүйесі. Практиканы xалықаралық үлігідегі сертификаты бар оқытушылар С.Жәрдемқызы, А.С Оналдинова, жүргізеді.
Білім алушылар  курсты аяқтағаннан кейін еңбек нарығында бәсекеге жарамдылығы мен қажеттілігін едәуір көтеруге мүмкіндік беретін, авиация және туристік салаларда мойындалған,  сонымен қатар арнайы кәсіби білім алғанын растайтын,  xалықаралық үлгідегі сертификаттар алады.