№2 – бөлімше

DSC_0017Бейсебекова Мария Иманғазықызы

№ 2 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды   техникалық пайдалану» (әуе көлігі) мамандығы бойынша бөлім меңгерушісі.
Білімі : жоғары, 1977 ж. Алматы қаласы, Алматы шет  тілдер педагогикалық институты.
Біліктілігі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Санаты: жоғары
Бөлім 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» (әуе көлігі) мамандығының 131005 3 «техник -электрик» ,131004 3 «  радионавигация,  радиолокация және байланыс жөніндегі техник» біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің орта буын мамандарын дайындауды жүзеге асырады. Оқу мерзімі : 9- сынып негізінде күндізгі бөлім – 3 жыл 10 ай, 11- сынып негізінде күндізгі және сырттай білім беру – 2 жыл 10 ай.
131005 3 «техник-электриктер» қазіргі заманғы борттық электрлендірілген және әуе кемелерінің ұшу-навигациялық жабдықтарына, әуежайлардың жердегі электр жарықтехникалық кешендеріне, сондай-ақ, көлік кешендерінің электр құрал-жабдықтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.Колледжді бітірген техник-электриктер  әуежайларда, әуекомпанияларда, көліктік электр құрал-жабдықтар кешені бар басқа да көлік саласында жұмыс істей алады.
131004   «радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник»  әуе кемелерінің, әуежайлар мен әуе қозғалысының радиотехникалық жүйелерін техникалық пайдалану үшін қажет. Мамандық бойынша алған білім тұрмыстық радио, бейне аппаратураларының қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ, телефон және радиобайланыстың барлық түрінің өндірістік құрылымдарында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Колледж  бітірушілері әуежайларда, әуекомпанияларда жердегі радиолокациялық және радионавигациялық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, борттық электрлендірілген және ұшу- навигациялық жабдықтарға қалыпты қызмет етуді қамтамасыз ететін навигациялық қызметтерде жұмыс істей алады.
131002 3 «электр механик (ұшуды қамтамасыз ету жүйелерінің электр жарық техникалық жабдықтарына қызмет көрсету бойынша)» жөндеуді қамтамасыз ету және  нысандарды жөндеу,әуежайларда ұшуды электр жарық техникалық жабдықтары құралдарымен қамтамасыз ету,олардың техникалық қызмет көрсетуін регламенттеу және т.б. Электр механика біліктілігін бітірушілерге әуежайларда және тағы басқа қызметтік-өндірістік нысандардың өндірістік  жиілік электр энергиясымен орталықтандырылған жабдықтау және әуе кемелерін ұшу жарықтехникамен қамтамасыз етуді іске асыратын қызметтерде жұмыс істеулеріне болады.
2013 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Техникалық және кәсіби оқытуды жаңарту» Жобасын дамыту аясында «Азаматтық авиация академиясы»АҚ авиация колледжі 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды   техникалық пайдалану»мамандығының оқу үрдісін жаңартуда және дамыту міндеттеріне жету мақсатында Даму және Қайта Құрылым Халықаралық Банкінен грант ұтып алды.
Заманауи педагогикалық шынайылық ғылыми бағыттарды белсенді таратуды, болашақ мамандарды қалыптастыруды талап етеді.
Бөлім педагогтарының алдына мынадай міндеттер қойылған:
– оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық техникаларды енгізу;
– педагогикалық озық тәжірибелерді үйрету және тарату;
сабақ беретін пәні бойынша кәсіби шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін көтеру;
– білім алуды дидактикалық  материалымен, Мемлекеттік тілде және орыс тілінде дәріс жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін пәндер бойынша ПОӘК, оқу-әдістемелік кешенін, әдістемелік құралдарын, оқу-жұмыс жоспарларын жүйелеу.
– оқу – тәрбиелік үдерісін дәстүрлі және заманауи ақпараттарды тасушы оқу және әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету, педагогтар мен білім алушыларды ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу, колледж оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету;
Әдістемелік жұмыстар ұжымдық және жеке түрде жүзеге асырылады.
Ұжымдық бұл: циклдік әдістемелік комиссиялар пәнаралық апталықтар, әдістемелік семинарлар.
Жеке жұмыс жүргізу бұл : өзара сабаққа қатысу және сабақтарға талдау жасау, тәлімгерлік
Бөлімде оқытушылардың кәсіби – педагогикалық құзыреттіліктерін  көтеру үшін және алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында мынадай құрылымдарды жүзеге асыратын бірнеше бағыттар дайындалған :
1.Өз білімін көтерудің жеке бағыты – бұл әдістемелік семинарларға, конференцияларға сабақтарға қатысу және тәлімгерлік.
2. Колледж ішіндегі кәсіби оқыту бағыты – бұл «Ашық сабақтар», әдістемелік семинарлар, конференциялар.
3. Сыртқы кәсіби оқыту бағыты (Халықаралық, Республикалық, қалалық семинарларға, байқаулар мен конференцияларға қатысу, қалалық БКИ Азаматтық авиация академиясы жанындағы БКО  өз біліктіліктерін көтеру).
Ғылыми- зерттеу жұмыстары
Бөлім оқытушыларының ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты оқу үрдісі болып табылады.Оның белсенділік жолдары мен әдістері, оқытудың тиімділігін көтеру мамандарды дайындау сапасын арттыруға жол ашады. Бөлімнің ғылыми қызметі төмендегі көрсетілген бағыттар негізінде педагогикалық ғылымдардың негізгі мәселелерін оқып үйретуге бағытталған: кәсіби оқытудың заманауи білім беру технологиялары, заманауи өндіріс техникасы мен технологиялары, арнайы пәндердің компьютерлік жабдығы.
Ғылыми – ізденіс бағытында жүргізілетін іс – шаралардың негізгі мақсаты – оқытушы мен оқушыны жаңа оқу -технологиялық ізденіске бағыттау, қазіргі  заманға сай шығармашылық ізденіске ие болу оқытушының және оқушының міндеті.
Әлеуметтік әріптестіктер және өндірістік тәжірибе
Өндірістік (кәсіби)  тәжірибе  колледж білім алушыларына кәсіби орта білім беруде оқыту бағдарламасының негізгі құрамдық бөлімі болып табылады. Тәжірибенің мақсаты- студенттердің теориялық оқу үрдісінде алған білімдерін тереңдету және бекіту,кәсіби қызметтің барлық түрлерінде практикалық жұмыстардың тәжірибесін және дағдыларды,қажетті білімді иелену.
Тәжірибе мемлекеттік орта кәсіби  білім беру стандартына сәйкес және түлектерді мамандыққа дайындау деңгейі бойынша келесі кезеңдер қарастырылған:
Мамандық бейіні бойынша тәжірибе; кәсіби шеберлік және дағдыны қалыптастыру тәжірибесі;  біліктілік тәжірибесі.
№2 бөлім еңбек нарығында Авиация колледжінің  түлектеріне деген жұмыс беруші жағынан сұранысты, бәсекелестік қабілеттілікке арттыру мақсатында білімділіктің сапасын арттыруда келесі әлеуметтік серіктестіктермен бірігіп жұмыс істейді: АО АТЦ «ALA Technics», АО «Казавиаспас», «№405 Авиажөндеу зауыты», РГП «Казаэронавигация», АО «Jet Airlines», АО «Sky Service», ТОО «Центр ПАНХ Казахстан».Бөлімнің негізгі міндеті мамандарды кәсіби дайындау технологиясы  мен мазмұнын жетілдіру мәселесі бойынша кәсіпорын мен колледждің өзара мүддесі аясын анықтау  болып табылады. Болашақ мамандыққа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында кәсіптік мамандығы бойынша жұмыс берушілермен бірлесе отырып, түрлі кездесулер ұйымдастырылады