Отчет о воспитательной работе АК

Пікір

Қазақ жері-мыңдаған ғасырлық тарихы бар қасиетті жер.Ғасырлар бойы әбден сұрыпталған,орныққан өзіндік жөн-жоралғысы бар парасатты елміз.Менің ұлтым –қазақ,Отаным-қазақ елі деп мақтанышпен айтатын ұрпағымыз бар.Киелі жерде өсіп-өнген ұрпақ өз елінің қадір-қасиетін мәңгіге құрметтейді.Барымызды бағалап,жоғымызды түгендеу мақсатында көптеген жұмыстар жасалып жатыр.

Соның бірі Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласында,ұрпағымыз ең алдымен тарихты танып білуі керек.Сондықтан да оқу орны мекемелерінде арнайы елтану курстары көптеп ашылса жақсы болар еді.Жолдауларындағы қасиетті,киелі ойлар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асырылып,жандануда.Біз бірлік,ынтымақ,бауырмалдық,татулықтың арқасында ғана-бақыттымыз.Бірлік болмай,тірлік болмас,-деген даналықтың түп қазығы осында.Біздің облысымызда да елеулі өзгерістер болып,еңбек майданы қызу қарқынмен әр сала бойынша ерекше дамуда.

Авиация колледжінің директоры Ш. К. Қошанова