Колледж туралық мәлімет

Азаматтық Авиация Академиясының

Авиация колледжі

02.10.2009ж. АА5 № 0103347   мерзімі шектеусіз

мемлекеттік  лицензиясы

 

Аспанды бағындыру-әрбір жеткіншектің армандаған тілектерінің бірі.

Бұл ұшумен, ұшақтармен байланысты романтикалық  және ең қалаулы мамандық.

Авиация колледжі азаматтық авиация мен халық шаруашылығының басқа салалары үшін қажетті техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды дайындауды іске асырады.

Авиация колледжі «Азаматтық авиация академиясы» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Авиация колледжі оқытуды мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша және ақылы түрде жүргізеді.

Оқытудың нормативтік мерзімі:

– негізгі орта білім негізінде 3 жыл 10 ай;

– жалпы орта білімнегізінде 2 жыл 10 ай.

Келесі мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:

1202000 «Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (әуе көлігімамандығы.

  • біліктілігі – техник.

Осы мамандықтың бітірушілері әуеайлақ-диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің технигі; тасымал жөніндегі менеджер; көлік-экспедициялық сату қызметі бойынша менеджер;көлік тасымалының менеджер-логисті;жолаушыларды тасымалдау қызметінің агенті; жүк тасымалдау қызметінің агенті қызметтерін орындай алады.

  • 19062017-1біліктілігі – кассир (билет сататын). Жалпы орта білім негізінде (11 сынып) қабылдау.

Кассир біліктілігі бойынша колледж бітірушілері қонақ үйлерде бөлмелерді, әуебилеттерді брондау және сату бойынша электронды операциялар орындай отыра әуе-турагенттіктерде, әуежайлар мен әуе компанияларда жұмыс істей алады.

1205000 «Қозғалысты басқару және әуе көлігін пайдалану» мамандығы.

  • біліктілігі – әуе қозғалысының (ұшақтың) диспетчері. Жалпы орта білім негізінде (11 сынып) қабылдау.

Әуе қозғалысының диспетчері –әуеде және жерде ӘК қозғалысын реттеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және бақылайтын мамандық.19062017-2

  • біліктілігі – ұшқыш. Жалпы орта білім негізінде (11 сынып) қабылдау.

Осымамандық бойынша колледж бітірушілері әуе кәсіпорындарында ұшқыш ретінде әуе кемелермен ұшуды орындау бойынша кәсіби қызмет етеді.

  • 19062017-3біліктілігі – әуе жол серігі. Жалпы орта білім негізінде (11 сынып) қабылдау.

Бітірушілер оқуын бітіргеннен кейін ішкі және халықаралық әуе жолдарында әуе кемелердің бортында қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, әуекомпанияларда жұмыс істей алады.

  • 19062017-4біліктілігі – техник-механик.

Техник-механик мамандығы бойынша колледж бітірушілері авиациялық кәсіпорындарында,  авиажөндеу зауыттарында,  көлік кешенінің техникалық қызметтеріне жұмысқа орналаса алады.

  • 19062017-5біліктілігі – жанар-жағар материалдары жөніндегі авиатехник.

Осы мамандық бойынша колледж бітірушілері әуежайлардан басқа автожанармай құю компанияларында, мұнай өңдеу, мұнайтеххимиялық жанармаймен қамтамасыз ету  объектілерінде және өнеркәсіптердің басқа да салаларына жұмысқа орналаса алады.

19062017-61310000 «Көліктік радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды техникалық пайдалану (әуе көлігі)» мамандығы.

  • біліктілігі – техник-электрик.

Техник-электрик заманауи борттық және жердегі электрлендірілген және ұшу-навигациялық құрал-жабдықтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етді.

Осы мамандық бойынша колледж бітірушілері әуежайларда, әуе компанияларында және электр жабдықтары бар көлік кешендері мен басқа да көлік салаларына жұмысқа орналаса алады.

  • біліктілігі –радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник.

Радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник жерде және борттағы радиожабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді.

Мамандық бойынша колледж бітірушілері жердегірадионавигациялық және радиолокациялық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді іске асыра отырып, әуежайларда, әуекомпанияларда, навигациялық қызметтерде жұмысқа орналаса алады.

  • 19062017-7біліктілігі – электр механик.

Электр механик әуежайлардағы электр жарық техникалық құралдарын ұшуда қамтамасыз ету, объектілерді жөндеу және реттеуді,оларға техникалық қызмет көрсету регламентін қамтамасыз етді.

Мамандық бойынша колледж бітірушілері ұшуды жарық техникасымен қамтамасыз ету қызметтерінежұмысқа орналаса алады.

Электр механик әуежайлардағы электр жарық техникалық құралдарын ұшуда қамтамасыз ету, объектілерді жөндеу және реттеуді,оларға техникалық қызмет көрсету регламентін қамтамасыз етді.

Мамандық бойынша колледж бітірушілері ұшуды жарық техникасымен қамтамасыз ету қызметтерінежұмысқа орналаса алады.

19062017-8