БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ

Білімді бақылау

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау үшке бөлінеді:

1) ағымдағы бақылау;

2) 1-ші және 2ші аралық (рейтингтік) бақылауға жіберілуін есептеудің аралық бақылауы;

3) қорытынды бақылау (пән бойынша емтихан).

Бақылаудың барлық түрлері бойынша студенттердің үлгерімі 1-кестеге сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйеде бағаланады.

1-кесте

Пайыздық мәні Әріптік жүйе бойынша бақылау Балдардың сандық баламасы Дәстүрлі  баға

95-100

А

4,0

өте жақсы

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

жақсы

80-84

В

3,0

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

қанағаттанарлық

65-69

С

2,0

60-64

С-

1,67

55-59

Д +

1,33

50-54

Д

1,0

0-49

Ғ

0

қанағаттанарлық емес

 

Ағымдағы бақылау  – пәндер силлабусында оқытушымен бекітілген талаптарға сәйкес, ағымдағы сабақтарда өткізілетін, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.

Аралық бақылау  – Платонус ЖОО-ның ақпараттық жүйесінің ведомосінде қорытынды аралық бақылауды ұсынумен және ағымдағы бақылаудың қорытындысынан тұратын, теориялық оқытудың 8 және 15 апталарында жүзеге асырылатын бақылау.

Қорытынды бақылау (пән бойынша бақылау) – емтихан сессиясы кезінде білімді бақылау. Академияның оқу порталында ауызша, жазбаша емтихан немесе компьютерлік тест түрінде оқу және жеке жоспарларында қарастырылған барлық пәндер бойынша емтихан өткізіледі.

Әрбір пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін, білім алушының оқудағы жетістігін айқындайтын, қорытынды баға қойылады.

Пән бойынша қорытынды баға бақылауға жіберілу және қорытынды бақылау рейтингісінің бағасынан тұрады. Бақылауға жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімді қорытынды бақылаудың бағасының  60%-ын құрайды, ал емтихан бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 40%-ын құрайды.

Емтихан қорытындысы емтихан ведомосіне сәйкес, емтихан аяқталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде Платонус ақпараттық жүйесіне оқытушымен енгізіледі.