Тарихы

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

1937 жылы Алматы қаласында Қазақ азаматтық авиация басқармасының оқу-жаттығу отряды құрылды.
1962 жылы Қазақ азаматтық авиация басқармасының оқу-жаттығу отряды базасында Киев азаматтық авиация инженерлері институтының оқу-консультациялық пункті ұйымдастырылды.
1995 жылдың 6 шілдесінде Киев азаматтық авиация инженерлер институтының оқу-консультациялық пункті «Азаматтық авиация академиясы» білім саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде жоғары оқу орнын дәрежесін алды.
2012 жылы Академия өз қызметін келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырды:
1) 2006 жылғы 11 қарашадағы «АА Академиясы» АҚ жарғысы;
2) 03.02.2010ж. ҚР БҒМ білім саласындағы бақылау комитетімен
берілген мерзімі шексіз жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша білім қызметін жүргізуге берілген №01377394 АБ серия мемлекеттік лицензия;
3) техникалық кәсіби білімнің мамандықтары бойынша білім
қызметтерін жүргізуге берілген 02.10.09ж. №0103347 мемлекеттік лицензия сериясы АА-5.
Қазіргі уақытта Азаматтық Авиация Академиясына Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов басшылық етеді.
Академиядағы оқу ісі күндізгі оқу, қысқартылған сырттай және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бойынша жүзеге асырылады. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Пәндер ағылшын тілінде өткізілетін көптілдік топтар құрылған.
Академия базасы
Академияның ауданы шамамен 30 000 шаршы метр қоршалған шағын территориясы, оқу-зертханалық ғимараты және жатақханасы бар. Академияның ұшу жаттықпалары, екі ЯК-40 оқу ұшақтары, оқу аэроалаңына арналған территориясы, студенттердің біліктлігін арттыратын және авиация саласының техникалық мамандар құрамын қайта дайындауға арналған оқу зертханалары бар.
Заңды мекен-жайы: 050039, Алматы қ., Закарпатская к-сі 44, тел. 8(727) 346-92-06. Web-сайты: www.agakaz.kz. электрондық мекен-жайы: rector@agakaz.kz.