ААА-НЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

БАСТЫ ЖЕТІСТІКТЕР

         Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Академия базасында Қазақстан мен Орта Азия елдеріне арналған авиациялық қауіпсіздік бойынша ХААҰ (ИКАО) Субаймақтық Оқу орталығы құрылды. Орталықтың материалдық-техникалық-базасы, оқу-әдістемелік құжаттамасы мен сертификатталған нұсқаушылық құрамы ХААҰ (ИКАО) стандарттарына сай келеді.

         2013 жылдың 3 қыркүйегінде «Орта Азия және Қазақстанның аймақтық авиациялық қауіпсіздік оқу орталығының» ресми ашылуы өтті. Еуропалық ХААҰ (ИКАО) Солтүстік-Атлантикалық аймағының аймақтық директоры Луиз Фонсека де Альмейда ХААҰ (ИКАО) туы мен ХААҰ Авиациялық қауіпсіздік оқу орталығының (осыдан әрі-АҚОО)сертификатын табыс етті.

         Ұшу қауіпсіздігінің өзекті мәселесі азаматтық авиациядағы  ұшу экипажының кадрларымен қатар, жердегі қызметтерді дайындаумен де тығыз байланысты.

         АҚОО жұмысының басталуына байланысты алғашқы жоспарлы «Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары» мен «Қауіпті жүктерді тасымалдау» курстары өткізіліп,ұлттық және халықаралық деңгейдегі сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ «Авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары» мен «Авиакәсіпорындардың бірінші жетекшілерінің» біліктілігін арттыру бойынша курстарды өткізу жоспарланып отыр.

         Бүгінгі таңда Азаматтық Авиация Академиясының құрылымы толықтай өзгертілген. Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, ХААҰ (ИКАО) мен EASA (Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік) стандарттарына сай келетін Оқу орталықтары, оқу бағдарламалары арқылы авиамамандарды даярлау мен қайта даярлауға басты назар аударылып отыр.

         Академия мен «Patria» Ұшқыштар мектебі (Финляндия) арасында ұшқыштарды бірлесіп дайындау және Қазақстандық ұщқыштар мектебін құру туралы меморандумға қол қойылды.

         Ұшқыштарды дайындау бойынша PART-FCL (ұшу мектебі) және А, В1 және В2 санатындағы техникалық қызметшілердің дайындығын жүзеге асыратын PART-147 Оқу орталықтарын ашу туралы шешім қабылданды. Ұшқыш-нұсқаушылардың ұшу тәжірибесін Финляндияда өтуге және Қазақстандық ұшу мектебінің қаржылық-экономикалық негіздемесімен 1 943 709 мың теңгеге оқу ұшақтарын, ұшу жаттықпаларын, зертханалық жабдықтарды, компьютерлік техникаларды, программалық қамтамасыз етулерді сатып алуға, орталықтың сертификациясына және нұсқаушылардың дайындығына тапсырыс берілді, оның ішінде 1,7 миллион теңге ұшу мектебін ашуға бөлінді.

         Ағымдағы жылы авиамамандардың дайындық сапасын арттыру үшін оқу процесіне шетелдік ғалымдар мен мамандар тартылуда. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға және сынақ мерзімінен өту үшін  оқытушылар мен түлектер жіберілді. Ағылшын тілінің оқытушылары авиациялық ағылшын тілі бойынша емтихандарды қабылдау үшін сертификаттаудан өткен. Нұсқаушылар құрамы біліктілікті арттыру курсынан өткен.

         ХААҰ (ИКАО) талаптарына сәйкес 2012-2013 оқу жылы ұшу тәжірибесінің көлемі әрбір студент-ұшқышқа 40-тан 150-ге дейінгі ұшу сағатына артқан (тәжірибенің қаржыландыруын ұлғайту 43 млн. теңгеден 427млн.теңгеге дейін).

         Әуе кемелерінің түрлері бойынша жаттығу кешендеріне арналған оқу модулінің құрылысына арналған ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірленуде.

           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №353 бұйрығына сәйкес (өзгертулермен және толықтырулармен) «Авиациялық техника және технологиялар», «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану» мамандықтары бойынша базалық жоғары оқу орны болып табылатын Азаматтық Авиация Академиясының базасы негізінде тиісті мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік секциясы құрылды.

         Академияның екі оқытушысы ХААҰ (ИКАО) шкаласы бойынша бағаланатын авиациялық ағылшын тілі бойынша оқыту және емтихандарды қабылдау құқын беретін «Mayflower» (Ұлыбритания) колледжінің сертификаттарын алды. Он оқытушымыз тиісті тренингтардан өтіп, Кембридж университетінің («Introduction into CELTA») модульдері бойынша қорытынды емтихан тапсырды. Академияның 23 оқытушысы мен нұсқаушылары Human Factors, Aviation Legislation, Train the trainers модульдері бойынша литвалық танымал Cam&Cons компаниясының көмегімен ұйымдастырылған EASA курстарын бітіріп, тиісті сертификаттарын иеленді.

           PART-147 және Авиациялық қауіпсіздік оқу орталықтарының менеджерлері М.Дәуренбек және С.Нарышев Франкфурт-на-майнеде, Абу Дабиде, Тулуза және Парижде ИКАО, EASA және IATA бағыттары бойынша білім алды.

         2012 жылы Академияның сегіз түлегі Қазақстанда өте тапшы мамандықтар бойынша «Халықаралық Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурада оқуға жіберілді; осы бағдарлама бойынша 8 оқытушы Вильнюс қаласында үш айлық стажировкадан өтуде, олар халықаралық авиациялық стандарттарға сәйкес модульдер бойынша сабақ өту және оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлейтін еуропалық сертификатты алады.

         Рига азаматтық авиация инженерлері институтының ізін жалғастырушы болып табылатын, қазіргі таңда Еуропада сертификаттаудан өткен Латвия көлік және байланыс институтымен (TSI) авиациялық мамандарды бірлесіп дайындау туралы келісімшартқа қол қойылды.

Халықаралық Алматы әуежайының Авиациялық-техникалық орталық (АТО) базасында оқу жылының барлық кезеңінде академия студенттерінің тәжірибесін АТО инженерлік-техникалық құрамы ұйымдастыратын бірлескен кафедра құрылды. Келісімшартқа сәйкес Академия «Эйр Астана» ӘК инженер-механиктер бағдарламасы бойынша авиамамандардың бірлескен дайындығын жүзеге асырады. 2012 жылы дәрістер мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге арналған профессорлы-оқытушылық құраммен алмасу және академиялық мобильділік бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындары-серіктестерімен байланыс күшейді. Авиамамандардың дайыдық сапасын арттыру үшін Академия дәрістер оқуға, семинарлар мен консультациялар жүргізуге Балтық және ТМД елдерінен ғалымдарды шақыртты.