Ректордың блогы

Baizhumanov1Байжұманов  Мұхтар Қазбекұлы

2012 жылдан бастап Азаматтық авиация академиясының басқарма-төрағасы ректоры болып тағайындалды.

Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы – PhD докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

Байжұманов М.Қ. І.Жансүгіров атындағы Талды-қорған педагогикалық институтын «Математика және физика» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1989 жылы Киров ауданының Амангелді атындағы орта мектебінің мұғалімі, одан кейін Талдықорған қ. №29 орта мектептің мұғалімі қызметінен бастады. 1991-1999 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде стажер-оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, физика-математика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарды.

1997 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Математика, механика және информатика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып істеді.

1999-2001 жылдар аралығында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де «Математика» кафедрасының аға оқытушысы лауазымын атқарды.

Одан кейін 2001-2011 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінде бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде еңбек жолын жалғастырды.

Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы есептеу математикасы және математикалық модельдеу бойынша 40-тан аса ғылыми жариялым мен оқу-әдістемелік құралдардың, сондай-ақ «Информатика» пәні бойынша оқу құралының авторы. Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, «Астананың 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Алғаш рет Академия базасында ХААҰ (ИКАО) талаптары бойынша сертификатталған Авиациялық қауіпсіздік оқыту орталығы, сондай-ақ EASA; PART-FCL (ұшқыштар) және PART-147 (В1-механиктер, В2-авиониктер) еуропалық стандарттары бойынша оқыту орталықтары құрылды.

2013 жылдың 17 сәуірінде Финляндия Президенті Саули Ниинистенің Қазақстанға сапары барысы кезінде, ұшқыштарды бірлесіп дайындау және қазақстандық ұшу мектебін құру туралы меморандум жасалды.

Осы Меморандумның негізінде алғаш рет Азаматтық авиация академиясының студенттері PART-FCL бағдарламасы бойынша ұшу практикасын өтіп, EASA талаптары бойынша емтихандарды тапсыру үшін Финдік Patria ұшу мектебіне шетелдік іссапарға жіберілді.

Қазақстан Республикасында бірлескен ұшу мектебін құру мақсатында EASA талаптарына сәйкес ұшқыштарды дайындау, ішкі және халықаралық желілерге қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандарды дайындап шығару болып табылады.