АКАДЕМИЯ ТУРАЛЫ

Airplane2

Азаматтық Авиация Академиясы азаматтық авиацияның ұшу, техникалық және қызмет көрсетуші құрамының жоғары білікті инженерлері мен техниктерін дайындайтын, сондай-ақ АА кәсіпорындарының мамандарының қайта дайындығы мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы бірден бір оқу орны болып табылады.   
1937 жылы Алматы қаласында Қазақ азаматтық авиация басқармасының оқу-жаттығу отряды құрылды.
1962 жылы  Қазақ азаматтық авиация басқармасының оқу-жаттығу отряды базасында Киев азаматтық авиация инженерлері институтының оқу-консультациялық пункті ұйымдастырылды.
1995 жылдың 6 шілдесінде Киев азаматтық авиация инженерлер институтының оқу-консультациялық пункті «Азаматтық авиация академиясы» білім саласындағы коммерциялық емес ұйым ретіндегі жоғары оқу орны дәрежесін алды.
2012 жылы Академия өз қызметін келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырды:
1) 2006 жылғы 11 қарашадағы «АА Академиясы» АҚ жарғысы;
2) 03.02.2010ж. ҚР БҒМ білім саласындағы бақылау комитетімен
берілген мерзімі шексіз жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша білім қызметін жүргізуге берілген №01377394 АБ серия мемлекеттік лицензия;
3)техникалық кәсіптік білімнің мамандықтары бойынша білім қызметтерін жүргізуге берілген 02.10.09ж. №0103347 мемлекеттік лицензия сериясы АА-5.
Қазіргі уақытта Академияны Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов басқарады.

БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ

Сапалы білім

Академияның басты міндеті  ұшқыштардың кәсіби дайындығы үшін сапалы білім беру болып табылады.

Оқытушылар құрамы

Жоғары санатты өз ісінің мамандары  оқытатын пәндері бойынша ақпараттарды ғана меңгеріп қоймай, сондай-ақ өз пәнінің саласындағы жаңаша ғылыми өңдеулер мен практикалық шешімдерді жақсы игерген.

Қазіргі заманғы материалдық-техникалық база

Заманауи технологиялармен, көрнекі құралдармен, әдістемелік құжаттамамен жабдықталуы, білім алушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық дербестілігі мен кәсіби ақпараттылығын қарқынды дамытады.

Оқытудың алдыңғы қатарлы технологиялары

Біздің академия оқытудың инновациялық технологияларын, яғни электрондық оқулықтарды, интерактивті оқыту әдістерін – іскерлік ойындарды, жұмыс берушінің өкілдерімен тренингтар, шеберлік кластарын өткізуді сәтті қолдана отырып, болашаққа сенімді қадамдар жасауда. Осының барлығы білімді, біліктілік пен кәсіпқойлықты дамытуды меңгеруде оқытушылар мен студенттердің өзара шығармашылығының бірегей атмосферасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қызықты студенттік өмір

Өз ойын көрсетудің тамаша мүмкіндіктері: КТА, хореографиялық, вокалдық және домбыра үйірмелері, студенттік газет, спорт секциялары мен тағы басқалары.

ЭКСПО 2017

Наружка 1
Наружка 2
Наружка 3
Наружка 4

БЕЙНЕГАЛЕРЕЯ

Серіктестер

platonus1
ord
mon
banner_rmeb
5364118
2-2