№4 – бөлімше

DSC_0014Касимова Сагила Сейткалиевна

№ 4 бөлім меңгерушісі.
Білімі: жоғары, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті
Біліктілігі: филолог
Мамандығы: «Қазақ тілі және әдебиеті»
Санаты: жоғары
Педагогикалық құрам
Жалпы оқытушылар саны –22
олардың ішінде:
жоғары санатты ұстаздар  – 6;
бірінші санатты – 4;
магистрлер – 3;
екінші санатты – 3;
санатсыз – 6;
№4 «Жалпығылыми пәндер» бөлімі ҚР Министрлігімен бекітілген жалпы пәндер бойынша білім беруді жүзеге асырады. Бөлімнің мақсаты: оқу орнында жаңаша білім беру мәдениетін қалыптастыра отырып, білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша педагогтардың кәсіби тәжірибесін жинақтау.
Жұмыс барысында мұғалімдер төменде айтылған мәселелердің шешілуін басшылыққа алады:
Алдыңғы қатарлы педагогтардың іс-тәжірибесін жинақтау және тарату, сондай-ақ
алдыңғы қатарлы пәндер аясында іскери біліктілік пен кәсіби шеберлікті көтеру;
– ПОӘЖ (пәндердің оқу-әдістемелік жинағы), оқу-әдістемелік жинақтарды, әдістемелік құралдарды, пән бойыгша оқу-жұмыс бағдарламаларын, дидактикалқ  материалдарды бір жүйеге келтіру;
– Оқу-тәрбие үрдісін дәстүрлі және жаңашыл носительдердегі әдістемелік құралдармен қатамасыз  ету, педагогтар мен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқытушыларға әдістемелік және техникалық көмек көрсету.
 № 4 бөлім келесі бағытта жұмыс істейді:
• Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру
• Оқу жоспары мен бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз  ету
• Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және технологиялық ақпараттар енгізу
• Оқу-әдістемелік базасын  дамыту мен толықтыру
• Жүргізілетін пәндер бойынша кәсіби шеберлікті көтеру
• Кәсіби бағдар жұмысын өткізуге қатысу
Ғылыми-әдістемелік жұмыс
Бөлім мұғалімдерінің педагогикалық қызметіндегі басты бағыт – оқу үрдісі, яғни білім беру барысында оқытудың тиімділік жолдарын арттыру. Педагогикалық ұжым жұмысының нәтижесі болашақ мамандар даярлаудың  сапасын жақсартуға бағытталады.
Бөлімдегі жүргізілетін ғылыми қызмет педагогикалық  ғылыми жұмыстардың негізгі мәселелерін қарастыруға бағытталған, сондай-ақ келесі бағыттардың басымдылығы анықталған: қазіргі заманғы білім беру технологияларын, қазіргі заманғы өндіріс технологиялары мен техника тілін оқыту, жалпы білім беретін пәндерге компьютерлік қолдау көрсету.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың  басты мақсаты – педагогика ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерін, оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін енгізу, педагогтардың  кәсіби құзіреттілігін арттыру,  оларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарта отырып, нақты нәтижелер алу. Сондай-ақ білім алушылар мен мұғалімдерді ғылыми-зертттеу жұмысына тарту, ғылыми зерттеу жұмыстарының дағдыларын қазіргі заманғы жаңа жағдайда сай алып  қалыптастыру, білім алушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.