Түркияда өткен Халықаралық Девели- Ашқ Сейрани және түркі мәдениеті конгресі

2018 жылдың қазан айының 4,5,6- сы күндері №30 Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Төлекова Гүлназ Қажымұратқызы Түркия елінің, Кайсери – Девели қаласында өткен «Халықаралық Девели – Ашқ Сейрани және түркі мәдениеті» атты конгресіне Азаматтық Авиация Академиясының атынан қатысып, түркі елдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысып қайтты. Конгреске Анкара, Костомон, Измир, Стамбул қалаларынан, Қырғызстан, Азербайжан, т.б. елдерінен келген танымал ғалымдар қатысты. Конгресс бекітілген бағдарлама бойынша жүзеге асты. Секция жұмысы барысында ф.ғ.к. профессор Г. Төлекова ғылыми мақаласын оқып, сертифатпен марапатталды. Конгресс соңында қорытынды мәжіліс өткізіліп, конференция қаулысы қабылданды.



Leave a Reply