БОС ГРАНТ ОРЫНДАРЫН БӨЛУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 28 қаңтардағы N 58

Қаулысымен бекітілді

2-1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

 

Ескерту. Ереже 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 2009.02.19 N 194 Қаулысымен (қолданысқа ензігу тәртібін 2т. қараңыз).

8-4. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.

Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- (“үздік”), содан соң А, А- (“үздік”) бағаларынан В+, В, В- (“жақсы”) бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

8-5. Алынып тасталды – ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8-6. Алынып тасталды – ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 390 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8-7. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
2-1) нақты мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
5) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.

 

Азаматтық авиация академиясының ректоры

М.Қ.Байжұмановқа

________________________________

________________________________

                                                                                                                                                                                            мамандығының ____ курс,                    

                                                                                                                                                                                            _______________ тобының студенті

________________________________

________________________________

            (тегі,аты, әкесінің аты)

Өтініш

Бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурста менің құжаттарымды қарастыруды сұраймын.

Транскрипт, жеке куәліктің көшірмесін ұсынамын.

_________

                                                                                                                                 (қолы)

__________

(күні)

 Кіріс.тірк.________

«___»________2016ж.

БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ

 

Мамандықтар Бос білім беру гранттарының саны Конкурс өтініштерін қабылдау күні
1 5В071400 Авиациялық техника және технологиялар 1 курс – 20 орын
2 курс – 8 орын

3 курс – 1 орын

1 шілдеден 3 тамызға дейын
2 5В074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану 1 курс – 7 орын

2 курс – 4 орын

3 курс – 4 орын

1 шілдеден 3 тамызға дейын
3 5В090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану 1 курс – 1 орын 1 шілдеден 3 тамызға дейын