ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ОРЫНДАР

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ студенттік жатақханасының ішкі тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңына; Қазақстан Республикасындағы Жастар саясатының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ АА Академиясында әзірленген ішкі құжаттарға; «АА Академиясы» АҚ 2006 жылғы 11 қарашадағы  «АА Академиясы» АҚ №10 Жарғысына; 2006 жылғы 1 қыркүйектегі «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ білім алушыларының тәрбие жұмысы концепциясына және ректормен бекітілген студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережесіне сәйкес әзірленген.

Тәртіптің әрекет етуі «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ (бұдан әрі-Академия) студенттеріне Академияда оқу кезінде қолданылады.

Жатақханадағы тұрғын бөлмелер күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне  уақытша тұруға арналған.

Халықаралық келісім бойынша академияға оқуға қабылданған шетел азаматтары жатақханаға жалпы негіздерде орналастырылады.

Жатақханада өмір сүруге қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес, жатақханаға тұруға өтініш берген кезде тұратын бөлмені жалға алу туралы келісім-шарт жасалынады. Келісім-шарт ағымдағы оқу жылына жасалынады.

Жатақхананы пайдалану төлемақысының мөлшері академия басқармасымен бекітіледі.

Жатақханадағы тәрбие жұмысы академиядағы тәрбие жұмысы жөніндегі бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Тәрбие жұмыстары бойынша жатақханаға келген академия қызметкерлері мен оқытушылары келушілер журналына тиісті жазылымдарды тіркейді.

Жауапты оқытушылар өкілетті тұлғамен бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес жатақханада күн сайын сағат 17.00-ден 23.00-ге дейін кезекшілікте болады.

Студенттерді жатақханаға орналастыру рәсімін жүзеге асыру мақсатында жұмыс комиссиясы құрылады, оның құрамында: оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың басшысы, тәрбие жұмыстары жөніндегі басшының орынбасары, жастар істері жөніндегі комитеттің төрағасы (ЖІК), жатақхана меңгерушісі (комендант), паспортист және студенттік жатақхана кеңесінің төрағасы.

Жатақханаға орналасу, жатақханадан шығару, тұрғын бөлмелерді жалға алу келісімшартына отыру, оны өзгерту, бұзу бойынша негізгі өкілеттілікті жұмыс комиссиясының төрағасы шешеді.

Комиссия ағымдағы оқу жылының 25 тамызы мен 1 қазаны аралығында жұмыс істейді, жұмыс комиссиясының жұмысы туралы есепті құрастырады.

Орынды беру немесе бермеу туралы шешім жұмыс комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді.

Жатақханада тұру ережесі тұрғынның тарапынан бұзылған жағдайда, оны жатақханадан шығарады, ол кеткен шығындарды толығымен қайтарады. Тұру үшін жасалған алдын ала төлем қайтарылмайды.

Ішкі тәртіп ережесін бұзғаны және алкогольдік (нашақорлық немесе токсиндік масаю) күйде болғаны үшін жатақханадан шығарылған студенттер, келесі оқу жылында жатақханаға қайта орналасу құқығынан айырылады.

2.ОРЫНДАРДЫ БЕРУ ТАЛАБЫ МЕН ТӘРТІБІ

Жатақханадағы орын дегеніміз 6 шаршы метрден аспайтын көлемдегі тұрғын аудан екенін түсіну қажет.

Жыл сайын жатақханадағы орындар, Азаматтық авиация академиясының 1 курсына қабылданған студенттерге, мемлекеттік білім грантының иегерлеріне, ақылы негізде оқуға түскен студенттерге (қабылдау туралы бұйрыққа сәйкес) ағымдағы оқу жылындағы студенттер қабылдауына қарай 31 тамыздан бастап беріле бастайды.

Бірінші кезекте орындар 1 және 2 топтағы мүгедектерге; ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім балаларға; отбасы толық емес және/немесе отбасы жағдайы нашар студенттер, ауылдық жерден келген студенттерге беріледі.

Жатақханадағы қалған бос орындар академия қалған курстың студенттерімен, яғни олардың үлгеріміне қарай осы Ереженің 2.3 т. сәйкес жатақханаға орналасу құқы басым азаматтар категориясына жататын студенттер арасында жүргізіледі.

3.ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Жатақханаға тұрғысы келетін студенттер, академия ректорының атына бекітілген үлгідегі тиісті өтінішті (1-нысандағы) өткізеді.

Жатақханаға орналасатын ректордың бұйрығымен құрылған жұмыс комиссиясы айналысады, ал өтінішке қолды бірінші басшының атынан ОТЖБ басшысы қояды.

Жатақханаға орналасушы білім алушы комендантқа жеке куәлігін, қол қойылған өтінішті (жатақханаға орналасу құқын беретін ордер), денсаулығы туралы медициналық анықтаманы, 3х4 см көлемдегі екі фотосуретті және өзара жауапкершілік туралы келісімшартты тапсыруы тиіс.

Жатақхана коменданты әрбір тұрушыға орналасу картасын (2-нысанға сәйкес) толтырады. Осы құжатта тұрушының медициналық жағдайы, жұмсақ және қатты жиһаздарды алу және жатақханаға тұру үшін төленген төлемақысы туралы жазылымдар болуы тиіс.

Жатақханаға орналасушы тұлғалар келесіні білуі тиіс:

  • Электртұрмыстық құралдарды, тұрмыстық теле және радио аппаратураларды, газ жабдықтарын пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтан өтуі тиіс.
  • Жатақхананың ішкі тәртіп ережесін білуі тиіс;
  • Жатақханада тұрушылармен жатақхана бөлмесін уақытша пайдалану жөнінде ағымдағы оқу жылының 31 мамырына дейінгі мерзімде екі данадағы келісімшарт жасалынады (4-нысан) және оның бір данасы бөлме тұрғынында, келесі данасы комендантта қалады.
  • 18 жасқа толмаған студенттер, жатақханадан орын алуы үшін жатақханадағы тұрғын бөлмені уақытша пайдалану бойынша келісімшартқа отыруға бекітілген заңнамалық тәртіпте куәландырылған ата-анасының келісімі (5-нысан) болуы тиіс.
  • Жатақхана коменданты тұрғындардың барлық құжаттарын 3.3, 3.4, 3.5, 3.6 және 3.7 тармақтарға сәйкес жатақхана кезекшісіне тапсырады. Жатақханадағы ішкі тәртіп осы Ережелермен реттеледі.
  • Жатақханадан шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:
  • Оқу орнынан шыққан жағдайда;
  • Академиялық демалысқа шыққан жағдайда;
  • Жатақханада тұрудың ішкі тәртіп ережесі мен Академияның ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда;
  • Жатақханадан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда жатақханада тұрушы академияның өкілетті тұлғасы тиісті бұйрықты шығарған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей, комендантқа қабылдау-тапсыру актісі бойынша бөлмені және ондағы орналасқан мүлікті сол күйінде қалыпты тозуын есепке ала отырып, тапсырады.
  • Комендант қабылдау-тапсыру актісі құрастырылғаннан кейін және жатақхана рұқсаттамасы қайтарылғаннан кейін барып, кету қағазына қол қояды.
  • Қосымша кілттер жатақхана комендантында сақталынады.
  • Жатақханада тұрушылар бөлменің барлық кілттерін каникул кезінде өткізіп кетуі тиіс. Басқа жағдайда, комендант бөлмедегі мүліктерге материалды жауапты емес, ал жатақхана тұрғыны кілтті өзімен бірге алып кеткен жағдайда, оған сөгіс жарияланады.

4.ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСАТЫН СТУДЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ

  • Студенттік жатақханаға тұру құқығын алғаннан кейін, жатақханада тұрушылар бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығуы тиіс. Жатақханада тіркеусіз тұруға рұқсат етілмейді.
  • Жатақханаға тұрушыларды тіркеуді жатақхана паспортисі ҚР ішкі істер органымен бекітілген тәртіпте жүргізеді. Тіркеу төлемін жатақхаға тұрушы төлейді.
  • Студенттер жатақханаға оқудың барлық кезеңіне тіркеледі.
  • Жатақханаға академия ректорының рұқсатымен әскери есепке тұру үшін студенттер (ер балалар) жатақханада тұру құқынсыз тіркеле алады (6-нысан).
  • Жатақханадан шығару белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Тіркеуден шығару уақытында студент келмеген жағдайда, оқу мерзімінің аяқталуы бойынша, оқудан шығарылған кезде, осы Ережені бұзғаны үшін жатақханадан шығару кезінде, паспортист олардың келісімінсіз тіркеуден шығарады.
  • Жатақханадан тіркеуден шығарылуға және орыннан босатылуға жатақханадан орын (бөлме) алып, бірақ онда бір ай немесе одан да көп уақыт белгісіз жағдайлармен тұрмаған студенттер кетеді. Себебі белгілі жағдайларға демалыстың барлық түрлері, каникулдар, іссапарлар, практика, сырқаттану жатады.
  • Ескерту, сөгіс алған студенттерге жатақхананың Ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін жатақханадан орын қайтадан бөлінбейді.

5.ЖАТАҚХАНАҒА КІРГІЗУ ТӘРТІБІ

 

  • Жатақханаға кіру режимі академияның тәулік бойы істейтін қауіпсіздік қызметімен қамтамасыз етіледі.
  • Жатақханада тұрушыларға жатақханаға кіру құқығын беретін белгіленген үлгідегі рұқсаттама беріледі.  Рұқсаттаманы келесі тұлғаға беруге қатаң тыйым салынады.
  • Жатақханаға кіру сағат 00-де ашылып, кешкі сағат 23.00-де жабылады. Сағат 23.00-ден  сағат 6.00-ге дейін жатақханаға кіріп-шығу рұқсатын ОТЖБ басшысының жазбаша келісімін алғандар ғана қолдана алады.
  • Сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін жатақханада тұрушылар тыныштық сақтауы тиіс (басқа бөлмелерді аралауға, дыбыс шығаратын аппараттарды қосуға, ән айтуға, шулауға, музыкалық аспаптарда және т.с.с. ойнауға қатаң тыйым салынады).
  • Жатақханада тұрушылар келушіні жеке өзі қарсы алады, келген адам жатақханадан қайтқанша жатақханада тұрушы өзінің жеке рұқсаттамасын кіре беріске қалдырады, сондай-ақ келушілерді тіркеу журналына тиісті жазылымды қалдырады.
  • Келген адамның дер кезінде кетуін және осы Ереженің Сақталуына жатақханаға шақырушы жауапты, келген адамның кетуін тіркеп, өз рұқсаттамасын қайтарып алады.
  • Жатақханада тұрушы немесе оған келуші адам жатақханадағы ережені бұзған жайдайда, комендант немесе қауіпсіздік қызметінің өкілдері, тәртіп бұзушыдан түсініктеме алып, тиісті тәртіптік жаза қолдану үшін ОТЖБ басшысына қызметтік хат жолданады.
  • Егер олардың жатақхана ғимаратында болуы тәртіп бұзуға алып келетін болса, қауіпсіздік қызметінің қызметкері жатақхана ғимаратына жат тұлғаларды кірбізгеуге құқылы. Мұндай шешімді комендант арқылы, ол болмаған жағдайда қауіпсіздік қызметінің аға қызметкері арқылы шешуге болады. Қауіпсіздік қызметінің қызметкері мен құқық қорғау жөніндегі еркін студенттік отрядтың мүшелеріне қатысты кез кезген дөрекі немесе әдепсіз әрекеттері, рұқсаттаманы немесе жеке куәлігін көрсетуден бас тарту жағдайлары жатақханада тұрудың Ішкі тәртіп ережелерін өрескел бұзу болып табылады.
  • Жатақханадан ірі көлемдегі заттарды шығару комендант берілген материалды рұқсаттама болған жайдайда ғана жүзеге асырылады. Ірі көлемдегі заттарды шығарған кезде, комендант арнайы журналға тіркеу жүргізеді.
  • Жатақханадан шығарылған тұлғаларға жатақханаға кіруге қатаң тыйым салынады.
  • Жатақханадағы тіркеу-өткізу режимі академияның өкілетті тұлғасының бұйрығымен ғана немесе осы Ережеге өгерістер мен толықтырулар енгізілу арқылы жүзеге асырылады.

6.ЖАТАҚХАНАДА ТҰРАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жатақханада тұратын студенттердің төмендегідей құқықтары бар:

  • осы ереженің талаптарын ұстана отырып, тұрғын бөлмені жалға алу келісімшартының барлық әрекет ету мерзімінде өзіне бекітілген бөлмеде тұру;
  • Тұрмыстық-мәдени тағайындағы жабдықтарды, жатақхана мүліктерін пайдалану;
  • Дер кезінде жөндеу жұмыстары, жабдықты ауыстыру туралы өтініштерімен жатақхана комендантына бару;
  • Жатақхананың студенттік жатақханасын қалыптастыруға қатысу және оның сайланған мүшесі болу;
  • Техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, фен, электр ұстара, үтік, магнитофон, компьютер (электр пеш, микротолқынды пеш, кондиционер, тоңазытқыш, радиатордан басқасы) секілді жеке тұрмыстық техниканы қолдану;
  • Басқа бөлмеге тек ОТЖБ басшысының жазбаша рұқсатымен ғана ауысу.

 

Жатақханада тұрұрушылардың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының тұрғын-үй заңнамасын, осы Ережелерді, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-эпидемиялық нормалар мен ережелерді сақтау және академиямен жасалынған тұрғын бөлмені жалға алу келісімшартының талаптарын орындау;
  • Жатақханаға кірер кезде рұқсаттаманы көрсету;
  • Орналасу жері бойынша тіркеуге тұру үшін құжаттарды белгіленген тәртіпте және мерзімде ұсыну;
  • Бекітілген тәртіптегі жатақханаға төленетін төлемақыны дер кезінде төлеу;
  • Тұрмыстық электрқұралдарды пайдалану бойынша нұсқауды қатаң сақтау;
  • Академияның жеке мүліктеріне, жабдықтары мен жиһаздарына ұқыптылықпен қарау;
  • Бөлмені тазалық пен тәртіпте ұстау;
  • Электрэнергиясы мен суды үнемдеп қолдану;
  • Тұрғын бөлмеге күн сайын ылғалды тазалау жүргізу, бекітілген кезекшілік кестесі бойынша тұрмыстық бөлмені жинастырып отыру;
  • Бөлмедегі жмһазды дұрыс қолданбай немесе қасақана оны бүлдірсе, өз есебінен оларды қалпына келтіру;
  • Осы ережелердің сақталуын, мүліктің сақталуын тексеруді, профилактикалық және бақа да жұмыстарды өткізуді бақылау мақсатында, академия әкімшілігіне тұрғын бөлемелерді тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Моральды-этикалық нормалар тәртібі талаптарын сақтау, қайырымдылық пен өзара құрмет атмосферасын ұстану, жатақхана тұрғындары мен қызметкерлеріне қатысты жанжалдық жағдайларға жол бермеу;
  • Қауіпті инфекциялық аурулардың белгілері туралы жатақхана тұрғындарының біреуінен байқалған жағдайда, дер кезінде қажетті шаралар қабылдау үшін жатақхана әкімшілігін хабардар ету;
  • Жатақханадан шығып кеткен жағдайда, сондай-ақ жатақханадан уақытша кеткен жағдайда да комендантты екі күн бұрын ескерту;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген мерекелік күндерден бөлек, жатақханадан үш тәулік аса уақытқа кеткен жағдайда, тұрғын комендантты өзінің кететіні туралы хабардар етуі тиіс. Жатақханада тұратын, кәмелетке толмаған тұлғалар, жатақханадан 20.00-ден 6.00ге дейін тек ата-анасының, қамқоршысының немесе ОТЖБ басшысының жазбаша рұқсаттамасымен ғана шыға алады.
  • Бөлмеден ең соңғы болып шыққан жағдайда, барлық терезелер мен есіктерді жабу, барлық электр құралдары мен жарықты сөндіру, кілтті тапсыру;
  • Қажет болған жағдайда, академия әкімшілігінің талабы бойынша 5 (бес жұмыс күнінің) ішінде демалыс, карантин және басқа да талап етілген кезеңдерге босатып беруі қажет.
  • Студенттік кеңестің бекітілген кестесіне сәйкес жатақханада тұратын студенттер сбақтан тыс уақытта жатақхана әкімшілігінің талабы бойынша жатақханаға келуші адамдар туралы хабарлау бойынша кезекшілікті жүргізу үшін, сондай-ақ жатақхана аумағына қызмет көрсету, жан-жақты жайландыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарғасеңбек қорғау ережелері және комендант жетекшілігімен техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, тартылады.

Жатақханада тұрушыларға: 

  • Жатақхана әкімшілігіне дөрекі сөйлеуге;
  • Бөлмедегі жиһазды өз еркімен басқа бөлмеге ауыстыруға;
  • Электржетектері мен электржелілері жөндеу жұмыстарын өз еркімен жүргізуге;
  • Жатақханада тұратын басқа да тұрғындардың қалыпты өмір сүру жағдайын бұзатын қатты шу мен дірілді жасайтын жұмыстар мен басқа да әрекеттерді орындауға;
  • Хабарландыру, кесте және т.сс. ілуге арналған орындардан бөлек, тұрғын бөлме мен қоғамдық қолдану бөлмелерінің қабырғаларына жабыстыруға;
  • Жатақхана бөлмелерінде шылым шегуге;
  • Бекітілген тәртіпті бұза отырып, бөтен тұлғаларды жатақханаға шақыруға және (немесе) оларды жатақханаға түнеуге қалдыруға, темекі өнімдерін (насыбай), есірткі заттарды, сондай-ақ құрамында алкоголь бар сусындарды сақтауға және таратуға;
  • Тез тұтанатын заттарды сақтауға және қолдануға;
  • Бөлме есігінің құлпын қайта жасауға немесе ауыстыруға;
  • Ашық өрт көздерін тұрғын бөлмеде пайдалануға;
  • Жатақханада үй жануарларын, оның ішінде балықтар мен құстарды ұстауға;
  • Бөлмедегі басқа тұрғындарға кедергі келтіретін үлкен көлмедегі заттарды сақтауға;
  • Бөлмеде ас әзірлеуге;
  • Құмар ойындарды ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
  • Балконнан қоқыс лақтыруға, қоғамдық пайдалану орындарын қоқыспен толтыруға;
  • Жатақхана аумағында былапыт сөздер айтуға;
  • Өз еркімен бөлмеден бөлмеге көшуге;
  • Жатақхана аумағында сауданың кез келген түрін жүргізуге қатаң тыйым салынады.

7.ЖАТАҚХАНА ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Жатақхана әкімшілігі:

  • Жатақханада тұру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Ішкі тәртіп ережелерін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы академияның өкілетті тұлғаларының ұсыныстарын қарастыруға енгізуге құқылы.

 8.ЖАТАҚХАНА ӘКІМШІЛІГІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

Жатақхана әкімшілігі:

  • Жатақхана істері туралы ережені академия әкімшілігіне хабарлауға;
  • Жатақхана бөлмелерін бекітілген санитарлық нормалармен ережелерге сәйкес ұстауға;
  • Жатақхананы жиһазбен, жабдықтармен, төсек жабдықтарымен және басқа да жиһазбен қамтуға;
  • Жатақханаға, мүліктерге, жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жатақханаға тиесілі аумақты тазалықта ұстау, маңайды көгалдандыруға;
  • Жатақхананың құбыр, электрқамсыздандыру, сумен қамсыздандыру жүйелеріндегі ақауларды шұғыл түрде жөндеуге;
  • Жатақханада тұрушыларға сабақ оқуға қажетті бөлме беру, демалыс бөлмелері мен тұрмыстық бөлмелерді ұсынуға;
  • Жатақхананың барлық бөлмелеріне күн сайын тексеру жүргізу, пайдалану және санитарлық ұстау бойынша кемшіліктерді анықтау мақсатында, кемшіліктерді дер кезінде жою бойынша тиісті шаралар қабылдауға;
  • 7 күнде бір рет төсек орынды ауыстыруға;
  • Жатақханада тұру жағдайын, олардың тұрмысы мен тіршілігін жақсарту бойынша жатақхананың студенттік кеңесінің жұмысына ат салысу;
  • Өз еркімен жатақхананы жинау және жатақханаға бекітілген аумақты жинастыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, жиһаздармен, құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
  • Жатақханада тұрушылар мен жұмысшыларды өртке қарсы және қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге;
  • Жатақхананың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша тұрғындардың ұсыныстары бойынша жеке журналға ескертулер жүргізуге;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы бекітілген заңнамасының санитарлық талаптары мен басқа да нормативтерге сәйкес жатақханының барлық бөлмелерін қажетті жылу режимімен және жарықпен қамтамасыз етуге;
  • Жатақхананың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру, тұрғындардың ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша шараларды дер кезінде қабылдау, оларды қабылданған шешімдер туралы хабардар етуге;
  • Тұрғындармен бөлемні жалға алу келісімшартына отыру және оны орындауға;
  • Жатақхана аумағын күзетпен қамтамасыз ету және бекітілген рұқсаттық режимді қадағалауға міндетті.

9. ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

  • Жатақханада тұрушылар өзін өзі басқару органы – жатақхананың студенттік кеңесін (бұдан әрі – Жатақхананың Студ.кеңесі) сайлайды. Жатақхананың студкеңесі бөлме старосталараның қызметін үйлестңреді, жатақханада өз өзіне қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, кезекшілік кестесін құрастырады, жатақханада тұрушыларды жатақханадағы пайлалы жұмыстарды орындауға тартады, жатақханаға әкімшілігіне материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды ұйымдастыруға көмектеседі, мәдени іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
  • Жатақхананың әрбір бөлмесінде (блогында) староста таңдап алынады. Бөлменің (блоктың ) Старостасы бөлмедегі мүліктің ұқыпты ұсталуына, бөлменің (блоктың) таза әрі жинақы болуына бақылау жасап отырады.
  • Жатақхананың студкеңесімен жатақханада тұрушылар арасынан қабаттар мен күзет пункті бойынша кезекшілер тағайындалады. Кезекшілік кестесінің орындалуы қабаттағы старостаға жүктеледі. Кезекшілер қоғамдық қолданыс орындарындарындағы, дәліздердегі тазалық пен тәртіпке жауап береді, сондай-ақ раковиналарға, унитаздарға, крандарға электрплитары мен қабаттағы басқа да мүліктерді бақылайды.
  • Апта сайын Жатақхананың студкеңесінің төрағасы қабат старосталарымен бірлесе отырып, бөлмелердің санитарлық жағдайына тексеру жүргізіп, нәтижесін журналға енгізеді.
  • Жатақхана тұрғынының бір бөлмеден келесі бөлмеге ауысуы тұрғын мен әкімшіліктің ықыласы бойынша жүзеге асырылады.
  • Тұрғындарға тәртіптік әсер ету шаралары.

 

10.ЖАТАҚХАНАДА ТҰРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК 

  • Жатақханада тұрушының осы ережені бұзғаны үшін жатақхана әкімшілігінің ұсынысы бойынша Қазақстан Респбликасының қолданыстағы заңнамасына, Академия жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес қоғамдық және тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Жатақханадан шығару түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселені академия бекітілген тәртіп бойынша қарастырады.
  • Әкімшілік жатақхананың студкеңесімен бірлесе отырып, осы ережені бұзған, жатақханада тұратын тұлғаларға тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
  • Материалдық шығын келтірілген жағдайда, шығынның сомасы, оның орнын толтыру мерзімі анықталатын акті толтырылады. Актіге комендант, ОТЖБ басшысы, Жатақхананың студкеңесінің төрағасы мен тәртіп бұзушы қол қояды.
  • Жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзған жағда йда, ОТЖБ басшысы, коменданттың, қауіпсіздік қызметі басшысының ұсынысы бойынша өкілетті тұлғаның жарлығымен бекітілген заңнамалық тәртіпте жатақханадан шығарылады.
  • Осы ереже мен ішкі тәртіп ережелерінде қарастырылған міндеттерді бұзғаны үшін жатақханада тұрушыға келесідей тәртіптік жазалар қолданылады.
  • А) ескерту
  • Б) қоғамдық жұмыстарды орындау сөгісі;
  • В)Жатақхана бөлмесін жалға алып тұру келісім шартын бұзу, яғни жатақханадан шығарылу;
  • Академия студенттерінің құрамынан шығарылу.
  • Рұқсат қағазын басқа тұлғаға берген жағдайда, жатақханада тұрушыға сөгіс жарияланады, қайталанған жағдайда – жатақханадан шығарылады.
  • Рұқсат қағазын жоғалтқан жағдайда әкімшілік айыппұл төленеді.
  • Жатақханада тұрушы келесі жағдайларда жатақханадан шығарылады:
  • Жатақханада тұрушылармен және олар жауапты басқа тұлғалардың  тұрғын бөлмені бүлдіргені үшін және академия мүлігіне залар келтіргені үшін;
  • Тұрғынның құқықтарының мен көршілерінің заңды мүдделерінің жүйелі бұзылуы олардың бір бөлмеде тұруларын мүмкін емес қылады;
  • Алкогольдік сусындарды қолдану және сақтау, масаң күйде жатақханаға келу, есірткі заттарын, темекі емес (насыбай) сақтау, тарату және пайдалану;
  • Жатақханада тұру ережелерін бұзған тұлға анықталмаған жағдайда (шылым түтіні, ішімдіктің бөтелкесі бөлмеде табылған жағдайда) осы бөлмеде тұратын тұрғынның барлығы жауапкершілікке тартылады, бұл олардың жатақханадан шығарылуына алып келеді;
  • Жатақханада тұрушының жазбаша ескертусіз екі аптадан аса болмауы;
  • Жатақханада тұрушы жарылғыщ, химиялық қауіпті заттар немесе оқ атылатын қарулар сақтағаны үшіжауаптын;
  • Академиядан оқудан шығарылғанда.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайлар.
  • Тәртіптік жазаларды қолдану уәкілетті өкілдің бұйрығымен рәсімделеді.
  • Әкімшіліктің, жатақхана кезекшілерінің баяндамалары мен Ережелерді бұзған студенттердің түсініктемелері 4 жылдық мерзіммен папкаларда сақталады.
  • МАРАПАТТАУЛАР
  • Ішкі тәртіп ережелерін ұстанған және спорттық, мәдени шараларға белсене қатысқан, жатақханада тұратын студенттер, әкімшілікпен және Жатақхана Студкеңесімен марапаттауға ұсыныла алады.
  • – алғыс жариялау;
  • ақшалай сыйлықпен марапаттау.

 

1-нысан

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ

Ректоры М.Қ.Байжұмановқа

 ________ курс

 ____________________ тобының студенті

ТАӘ ____________________________

 

Өтініш

Сізден АА Академиясының студенттік жатақханасынан тұрғын бөлме беруіңізді сұраймын. Азаматтық авиация академиясының студенттік жатақханасының ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.

Өзім туралы қосымша хабарлаймын (ата-анасының мекенжайы, телефон нөмірі) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

Келесі растайтын құжаттарды ұсынамын: _____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Күні: ___________________

Қолы: ________________

 

2-нысан

ОРДЕР _____

Берілген күні  ___________

Азаматтық авиация академиясының студенттік жатақханасына орналасу үшін ________ курс, ____________________________ тобының, күндізгі оқу бөлімінің студенті ____________________________________________________________________________ жіберіледі.

                                                                                                         (студенттің тегі, аты,әкесінің аты)

Тұру мерзімі   20___жылдың  _______________  ______________

Бөлме №  __________

 

ОТЖБ басшысы _____________________ Г. Алтаева

 

3-нысан

Жатақханадағы тұрғын бөлмені (орынды)

уақытша пайдалану бойынша

«Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ

№______ШАРТЫ

 

Алматы қ.                                                                                                                                                                                               20___жылғы «____»___________

«Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ, әрі қарай «Академия» аталады, Жарғы негізінде әрекет етуші ректор М.Байжұманов атынан және азамат __________________________________, әрі қарай «Білім алушы» аталады, екінші жағынан, бірлесе Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

  1. Шарттың мәні
    • Академия Білім алушыға Алматы қ. Закарпатская к-сі 44 мекенжайы бойынша орналасқан жатақханадағы пайдалы ауданы _________________ № ___ бөлмені уақытша пайдалануға береді.
    • Білім алушы 3 т. сәйкес жатақханадағы берілген орын үшін төлем жүргізеді.
  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
    • Академияның міндеттері:
      • Білім алушыға жатақханадан орын, сондай-ақ қабылдау-тапсыру

актісінің негізінде тұрғын үйлерді пайдалану ережелеріне сәйкес сантирарлық-техникалық және басқа талаптарға сай келетін орынды уақытша пайдалану құнына кіретін жатақхананың төсек жабдықтарын, мүліктері мен жабдықтарын ұсынады.

  • Білім алушы төсек жабдықтарын тиісті күйінде тапсырған уақытта, білім алушылардың төсек жабдықтарын 7 күнде бір рет ауыстыру.
  • 3-тармаққа сәйкес қосымша ақыға Білім алушының жеке киімдерін жууға қабылдау.
  • Осы Шарттың әрекет ету мерзімі өткеннен кейін немесе шарт бұзылғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде Білім алушыдан бөлмені қабылдап алу.
  • Білім алушы алдыңғы кезеңдерге ақыны ерте төлеген жағдайда,

Шартты бұзу негізінде, Академия Білім алушыға тұру кезеңіндегі шығындарды есептей отырып, төленген ақшаны қайтаруы тиіс.

  • Академияның құқықтары:
    • Білім алушының өзі болған жағдайда, уақытша пайдалануға берілген

жатақханадағы бөлмені мүліктеуге және заттарға тексеру жүргізу.

  • Жатақханананың ішкі тәртіп ережесін бұзуды жою, жатақханадағы орынды пайдалану тәртібі, мақсатты пайдалану бойынша орындауға міндетті нұсқауларды беру.
  • Білім алушы жатақханада орын үшін төленетін ақыны бір айдан аса

кешіктірген жағдайда бір тараптағы тәртіптегі Шартты бұзу.

  • Тұру бағасы мен қосымша қызметтердің көлемін түзету.

2.3 Білім алушының міндеттері:

2.3.1. Қабылдау-тапсыру актісінің негізінде жатақханадағы бөлмені қабылдау.

2.3.2. Жатақханадағы орынды тиісті қалыпта ұстау, оның сақталуын қамтамасыз ету, өз есебінен жатақхана бөлмесіндегі, бөліктерге, тораптарға жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2.3.4. Тұрмыстық бөлмелерді, ортақ ас үй бөлмелерін және үйге жақын аумақтарды тазалықта ұстау талаптарын, пайдалану ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай-ақ жатақханадағы барлық санитарлық ережелерді орындау (егулер, санитарлық тексерулер және басқалары).

2.3.5. Паспорттық тәртіпті, жатақханада тұру ережесін сақтау, жатақхана әкімшілігінің, директорлардың, проректорлардың, студенттік жатақхана мүшелерінің талаптарын орындау.

2.3.6. Осы Шарттың 3-тарауына сәйкес бөлмені уақытша пайдалану ақысын енгізу.

2.3.7. Жатақхана бөлмесін, төсек жабдықтарын, жатақхана мүлігі мен жабдықтарын пайдалану кезінде Академияға материалдық шығын келтірген жағдайда, келтірілген шығынның орнын өтеу немесе жатақханада анықталған күнінен бастап 5 күннің ішінде өз есебінен оны өз күшімен жою.

2.3.8. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе бұзылғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде Білім алушыға берілген төсек жабдықтары, мүлік пен жабдықтар тиісті қалпында қабылданады.

2.3.9. Осы Шарттың талаптары бойынша Академияның өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде қарсылық білдірмеу.

2.4. Білім алушыға өз бөлмесін субжалға, өз құқықтарын, міндеттерін, жатақханадағы бөлмесін, төсек жабдықтарын, мүлік пен жабдықтарды үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады.

  1. Төлем есеп айырулары
    • Білім алушылардың бөлмені уақытша пайдалану ақысы келесідей жүргізіледі:
  • Оқу жылының бірінші семестрінің алдында тұру бағасынан 100%

көлемде алдын ала төлем жүргізілгеннен кейін жатақханаға орналасады.

  • Білім алушы бөлмені уақытша пайдалану ақысын «Азаматтық Авиация

Академиясы» АҚ басшысы бекіткен тарифтерге сәйкес төлейді.

  1. Тараптардың жауапкершілігі мен дауларды қарастыру тәртібі
    • Білім алушы жатақханада уақытша пайдалануға берілген заттардың сақталуына немесе аяқ асты бұзылған жағдайда жауап береді.
    • Бөлмені уақытша пайдаланғаны үшін ақыны кешіктірген жағдайда

Білім алушы Академияға кешіктірген әрбір күнге қарыз сомасының   0,5% көлемінде өсімпұл төлейді.

  • Білім алушы жатақханадағы бөлмені дер кезінде қайтармаған жағдайда

Білім алушы Академияға кешіктіргені үшін ақы төлейді, бұдан басқа кешіктірілген әрбір күн үшін жылдық ақы мөлшерінен 0,5% көлемінде өсімпұл төлейді.

  • Осы Шартты жасау, орындау, өзгерту және бұзу кезінде туындайтын

Барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылады.

  • Осы Шартта реттелмеген мәселелерді шешу кезінде Тараптар Қазақстан

Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

  1. Шарттың әрекет ету мерзімі және бұзу талаптары
    • Академия келесі жағдайларда біржақты тәртіпте Шартты шұғыл бұза алады:
      • егер білім алушы осы Шарттың талаптарын бірнеше мәрте бұзса;
      • егер білім алушы жатақханадағы бөлменің, төсек жабдықтарының, мүліктер мен жабдықтардың  жағдайын қасақана төмендетсе;
  • егер Білім алушы жатақханада тұру ережелері мен талаптарын бұзса, егер ол туындатқан жағдайлар басқа тұлғалардың бірге тұруын мүмкін емес жасаса;
  • бөлмені уақытша пайдалану ақысын бір айдан аса уақыт кешіктірсе.
  • Осы Шарттың қабылдау-тапсыру актілері, барлық өзгертулері, толықтырулары, қосымшалары жазбаша рәсімделген, оның ажырамас бөлігі болып табылады және өкілетті Тараптардың тұлғалары қол қойған жағдайда жарамды деп танылады.
  • Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 данада жасалған, олардың әрқайсының бірдей заңды күші бар, Тараптардың әрқайсы үшін бір-бірден.
  • Қол қойылған Шарт 20___ жылғы «___» ____________________

бастап   20___ жылғы « ___» _______________________ дейін күшінде болады, түзетуге және тазартып, өшіруге болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Тараптардың деректемелері мен қолдары

 

«Азаматтық Авиация Академиясы»                           Білім алушы

Акционерлік қоғамы

050039, Алматы қ.                                           Т.___________________________________

Закарпатская к-сі, 44                                      А.___________________________________

СТН 600800000621,                                        Ж.___________________________________

ЖБК KZ556010131000114095 (теңге)

 

«ҚАЗАҚСТАН  ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ          жеке куәлік №_________________________

№1 ОПЕР АОФ №139900

ББК HSBKKZKX, Кбе 16                             ______________________________ берілген

 

Тіркелген жері: ________________________

______________________________________

 

Тел. 8 (727) 383-89-79                                   Ұялы тел.:_____________________________

э/п: rector@agakaz.kz

 

                                       

Тараптардың қолдары:

 

ОТЖБ басшысы                                                            Білім алушы

Г. Алтаева                         

____________________                     ______________________________

(қолы)                                                                                           (Т.А.Ә)

 

 

 

 

 4-нысан

 Мен, ТАӘ, жеке куәлігі: нөмірі, берілген орган (деректемелері), менің ұлыммен (қызыммен) жатақханадан орын алу туралы Азаматтық  авиация академиясымен келесімшартқа отыруға келісімімді беремін. Академия жатақханасынан жалға алған бөлменің төлемін жүзеге асыруға кепілгер болуға келісіміді беремін.

Күні: _______________

Қолы: ____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-нысан

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ

Ректоры М.Байжұмановқа

________ курс

____________________ тобының студенті

ТАӘ ____________________________

_

 Өтініш

Сізден әскери есепке тұру үшін жатақханада тұру құқығынсыз Азаматтық авиация академиясының студенттік жатақханасына тіркеуге алуыңызды сұраймын.

Күні: _______________

Қолы: _____________