“Жылы шаңырақ” қарттар мен мүгедектер үйі

1-ші қазан күні біз қарт кiciлер күнін тойлаймыз! Осыған орай 2018-ші жылдың 4-ші қазан күні #25 кафедра кураторларының басшылығымен Азаматтық Авиация Академиясының студенттері “Жылы шаңырақ” қарттар мен мүгедектер үйіне кіріп шықты! Кездесу сәтті өтті. Керемет атмосфера!
Қарттар қонақтарды көргенде қуаныштарын жасыра алмады, тіпті кей біреулері көздеріне жас алып, жастық шақтың әуендерін тыңдап бір марқайып қалды! Оларға біздің ұйымдастырған концерттік бағдарламамыз керемет әсер қалдырды және де ұнағандарын да жасырмады!
Кездесу сәтінде көптеген студенттер көз жастарына ерік бердi! Қарттардың әңгімелерін тыңдап мүгедек жандармен де кездесіп, сұxбаттасып, өз сыйлықтарын табыстады! Шіркін, қарттар үйі мүлдем жоқ болғанда керемет болар еді!



Leave a Reply