АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА «СТРАТЕГИЯ. КӨШБАСШЫЛЫҚ. ҚАРЖЫ» БИЗНЕС-МЕКТЕБІ КУРСЫ ӨТТІ

21–23 қараша аралығында Академия базасында авиация саласының топ-менеджменті мен мамандарына арналған «Стратегия. Көшбасшылық. Қаржы» атты тәжірибелік курс өтті. Үш күн бойы қатысушылар қарқынды жұмыс, ашық пікірталастар және нақты авиациялық кейстерді талдау арқылы білімдерін тереңдетті.

Сабақтарды авиация индустриясында көп жылдық тәжірибесі бар салалық сарапшылар жүргізді. Олар күнделікті нақты өндірістік міндеттерді шешумен айналысатын мамандар болғандықтан, тыңдаушылар теориямен қатар бірден қолдануға болатын практикалық құралдар мен кәсіби сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Қатысушылар қатарында «Шымкент әуежайы» АҚ, «Оңтүстік Аспаны» әуе компаниясы, «Сарыарқа әуежайы» АҚ, «Жетісу» әуе компаниясы, «Best Aircraft» ЖШС, «Саутс-Ойл» ЖШС, «Samgau Agro» ЖШС және басқа да ұйымдардың өкілдері болды.

Бұл — бастамасы ғана.
Алда авиация болашағын қалыптастырып жатқан мамандар үшін одан да көп білім, тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Келесі курстардың жаңалықтарын жіберіп алмаңыз!

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы