Оразалы Сәбден - Қазақстанның жаһандануы тақырыбында ана тілімізде қалам тербеп, қазақ экономикалық іргелі ғылымының дамуына ат салысып жүрген ғалым-экономист, қоғам қайраткері, профессор.
Азаматтық Авиация Академиясына келіп Президенттің халыққа жолдауымен бөлісіп , еңбегін талқылап, өсіп келе жатқан жастарды Абайдың “Толық адам “ ілімімен бағыт бағдар беріп, жаһандану заманындағы жасанды интеллект туралы өзінің біртуар ойларымен бөлісіп кетті . Кездесудің басты тақырыбы - ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылау болды. Академик жасанды интеллекттің - қоғам дамуының қуатты құралы екенін атап өтті.