«Астана – IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік конгресі» Азаматтық авиация академиясы кітапхана өкілдері халықаралық форумда

Азаматтық авиация академиясы кітапханасының басшысы Сұлушаш Жүсіпбекова мен кітапхана менеджері Мақпал Жүніс  әлемнің ең ірі кітапханашыларының басқосуына қатысып жатыр.

Кеше Астанада жаһандық кітапханашылар конгресінің ашылу салтанаты өтті.  IFLA-ның 89-шы Дүниежүзілік конгресі – «Білімді біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз» тақырыбымен өтуде. Бұл форумға 114 елден 1600-ден астам делегат жиналып, кітапхана ісінің жаңа тәжірибелері мен заманауи үрдістерін талқылайды. Шара 22 тамызға дейін жалғасын табады. 

Бұл алқалы жиын еліміздегі білім, ғылым және мәдениет саласына серпін беріп, Қазақстанды халықаралық мәдени ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көтереді. 
 

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы