Музыка – адамзаттың әмбебап тілі

2025 жылғы 25 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» атты тіл пәндері бойынша III ЖОО аралық олимпиада өтті. «Орыс тілі» пәні бойынша олимпиадаға Азаматтық авиация академиясының 1-курс студенттері Нұрпейс Нұрболат пен Мнажадин Ботакөз қатысты.

Бірінші турда студенттер берілген тақырыптар бойынша шешендік қабілеттерін көрсетті, ал екінші турда презентациялар жасалды.
Екі турдың қорытындысы бойынша ААА студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды:

Нұрпейс Нұрболат (ЛЭС-24-11) – 1 орын, жетекшісі – сеньор-лектор Ахметова Ж.Б.

Мнажадин Ботакөз (ЛЭС-24-11) – «Ең үздік цифрлық шешім» номинациясы, жетекшісі – сеньор-лектор Ахметова Ж.Б.
Айта кету керек, олимпиадаға 8 жоғары оқу орнынан 16 студент қатысты.
Студенттерге мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы