«Амал келді – Жыл келді, Амал – наурыз жаршысы!» атты мерекелік іс-шара

2025 жылдың наурыз айының 14-і  күні сағат 11.00-де «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Амал келді – Жыл келді, Амал – наурыз жаршысы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке барысында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасы оқытушыларының қатысуымен (Анаятова Р, Тулекова Г, Елубай А, Сурначиева Н, Манасұлы М) Амал мерекесі – қазақ халқының «Халықтық күнтізбесіндегі» жыл мезгілдерінің ерекше сәті- «Көрісу» күніне арналған сахналық қойылым қойылды. Аталған іс-шарада Азаматтық Авиация Академиясының ректоры, Басқарма төрағасы Бекен Канелұлы, Академиялық қызметтер жөніндегі проректор Қайрат Болатұлы Академия ұжымын Амал мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекеде төгілте  күй тартылып, әсем ән шырқалды.   «Амал келді – Жыл келді, Амал – наурыз жаршысы!» атты мерекелік іс-шара жоғары дәрежеде өтілді.
«Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл көненің желісі еді.
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі», - деп жыр жолдарында жырланғандай,  татулық пен мейірімділіктің, ізеттілік  пен ізгіліктің символына айналған, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Көрісу күні  - «Амал мерекесі құтты болсын, ағайын.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы