WORLD CAFE фасилитация және бейресми пікірталас әдісі ретінде

 Азаматтық авиация академиясында алғаш рет 2024-2025 оқу жылында  бірінші курс магистранттарында «Academic writing» пәні енгізілген болатын. Аталған пәннен сусындап білім алған 1 курс магистранттары (пән оқытушысы профессор Баданбекқызы З.) 21 қарашада өздерінің алған білімімен академияның оқытушы-профессорлары, 1-4 курс студенттері,  магистранттарымен бөлісті. Олар "Қазіргі ғылым әлеміндегі жас зерттеушілердің рөлі"  атты іс-шараны WORLD CAFÉ” жаңа форматында үш топқа бөлінген үш тілде өткізілді. Барлық қонақтар пікірталасқа тартылып, тақырыпқа қызығушылық танытты.

Сонымен қатар магистранттар өз білімдерін ортаға салды..... «Семестр бойы біз ғылыми жазудың негізгі аспектілерін зерттедік. Атап айтқанда, ғылыми дереккөздермен жұмыс істеуді, ақпаратты сыни тұрғыдан талдауды, ғылыми жұмыстардың құрылымын жазуды, әдебиеттерге сілтеме жасауды және дұрыс пайдалануды, ғылыми мақалалар мен рецензиялар жазуды үйрендік.  Өз ойымызды анық, дұрыс, нақты жеткізе алатын мүмкіндікке ие болдық. Сонымен қатар, сабақ барысында презентацияны дұрыс құруды, инфографиканы қолдануды, жасанды интеллекттің түрлі құралдарын қолдануды үйрендік. Алынған білім кәсіби біліміміздің ажырамас бөлігіне айналды. «Академиялық жазылым» пәнін оқу оқу барысында ғана емес, болашақ кәсіби қызметімізде де пайдалы дағдыларды алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Осының барлығы бізді азаматтық авиация саласындағы кәсіби мамандармен қатар ғылым мен техниканың дамуына үлес қоса алатын білікті зерттеушілер етеді деген ойдамыз.»

Іс -шараның тағы бір мақсаты білім алушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, еліміздің белсенді де сауатты, мәдениетті де, білімпаз, еңбек нарығына төзе алатын кәсіби мамандарды, халықаралық ғылыми ортада өзінің ой пікірлерімен бөлісе алатын, ғылымға айтарлықтай берілген, еліміздің дамыуына үлес қосатын, жаңашыл жастарды тарту.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы